Шеңбердің теңдеуін жаза білу

Зеленов ауданы, Көшім ауылы

Көшім ЖОББМ

Пән мұғалімі

Сағынғалиева Маркиза Сибатовна

Пән / Сынып

Геометрия, 8-сынып

Тақырып

Шеңбердің теңдеуі

Мақсаты

Шеңбердің теңдеуін жаза білу.

Сабақ түрі

Қайталау сабағы.

Сабақ әдістері

Жеке, жұптық және топтық жұмыс.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірме парақтары
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың құрылымы

Сабақ барысы төмендегі кезеңдер бойынша ұйымдастырылады.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру.

2) «Қайсысын қалайсың?»

Сұрақ таңдап, ауызша жауап беру.

3) «Формуланы білесің бе?»

Негізгі формулаларды еске түсіру.

4) «Білімді мыңды жығады…»

Бекітуге бағытталған тапсырмалар.

5) «Біліміңді тексер!»

Өзіндік/жұптық тексеру.

6) «Білгенге маржан!»

Қорытындылайтын қысқа тапсырмалар.

7) Тест тапсырмасы

Жылдам бағалау және кері байланыс.

8) Қорытындылау

Нәтиже шығару, келесі қадамды белгілеу.

Үй тапсырмасы

№195 тапсырма.

«Қайсысын қалайсың?» тапсырмасы

Оқушы интерактивті тақтадан өзіне ұнаған санды таңдап, сәйкес сұраққа жауап береді.

1-сұрақ

Центрі A(3; 2), R = 2 шеңбердің теңдеуін жазыңыз.

2-сұрақ

A(3; 4) нүктесі мен координаталар басы арасындағы қашықтықты табыңыз.

3-сұрақ

Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 3 см және 4 см. Гипотенузаны табыңыз.

4-сұрақ

A(6; −8) нүктесі мен координаталар басы арасындағы қашықтықты табыңыз.

5-сұрақ

x² + y² − 49 = 0 шеңбердің радиусы мен центрін табыңыз.

6-сұрақ

(x − 3)² + y² = 64 шеңбердің радиусы мен центрін табыңыз.

Өткен тақырыпқа шолу: «Формуланы білесің бе?»

Интерактивті тақтамен жұмыс: формулаларды дұрыс орналастыру қажет.

Орналастырылатын формулалар тізімі

  • 1 Шеңбердің теңдеуі
  • 2 Нүктелер арасындағы қашықтық формуласы
  • 3 Кесіндінің ортасын табу формуласы
  • 4 Пифагор теоремасы
  • 5 Қысқаша көбейту формулалары