Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап

Сабақтың барысы

Бұл сабақта салалас құрмалас сөйлем туралы өткен материал жүйеленіп, түрлерін ажырату, тыныс белгісін дұрыс қою және синтаксистік талдау дағдылары бекітіледі.

1) Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықты тексеру.
  • Сабақ мақсатын қысқаша айту.

2) Үй тапсырмасын тексеру

114-жаттығу: орындалуын тексеру, қателермен жұмыс, қысқаша түсіндіру.

3) Қызығушылықты ояту: жасырын тақырып

Сұрақтарға жауап беріп, әр жауаптың алғашқы дыбыстарын құрастыру арқылы бүгінгі тақырып анықталады. Жасырын сөз — «Салалас».

1. «Қандай? қай?» сұрағына жауап беретін сөз табы қандай? Сын есім

2. «Кімнің? ненің?» сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі қандай? Анықтауыш

3. Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем қалай аталады? Лепті

4. Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған қатысты жағдайды атап көрсететін жай сөйлемнің түрі қандай? Атаулы

5. Тіліміздегі барлық сөздердің жиынтығы қалай аталады? Лексика

6. Үш шақтың бірінде қолданылып, қимылдың шындыққа қатысын білдіретін рай түрі қандай? Ашық рай

7. Егер бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, қандай тыныс белгісі қойылады? Сызықша

Сұрақ-жауап арқылы қайталау

  1. Сөйлем деген не?
  2. Құрмалас сөйлем деген не?
  3. Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?
  4. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
  5. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?

1-слайд: салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

Әр түрі бойынша жалғаулықтары мен тыныс белгісі еске түсіріледі.

Ыңғайлас салалас

Жалғаулықтары мен тыныс белгісі.

Себеп–салдар салалас

Жалғаулықтары мен тыныс белгісі.

Қарсылықты салалас

Жалғаулықтары мен тыныс белгісі.

Түсіндірмелі салалас

Тыныс белгісі.

Талғаулы салалас

Жалғаулықтары мен тыныс белгісі.

Кезектес салалас

Жалғаулықтары мен тыныс белгісі.

Оқулықпен жұмыс: 117-жаттығу «Менің шығар биігім»

Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, салалас түріне ажыратыңыз және синтаксистік талдау жасаңыз.

  • 1. Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.
  • 2. Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.
  • 3. Сен танкіге үйренген адам едің, тракторға кетіп барасың.
  • 4. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңы қабылданды, алайда ол кейін бірнеше рет толықтырылып отырды.
  • 5. Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.
  • 6. Зор дауысынан кейде ыза мен зіл де байқалады, кейде Абайға қызық көрінетін мақал-мәтелдер айтылып кетеді.

ҰБТ-ға үлес: тест тапсырмалары

Төмендегі сұрақтарды орындап, дұрыс жауапты таңдаңыз.

1) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап.

  • A) Мінезі жақсы төрге озар.
  • B) Үлкен келсе, аяғыңды аяма.
  • C) Дос адам артық сұрамайды.
  • D) Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес.
  • E) Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.

2) Себеп–салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.

  • A) Бірақ
  • B) Өйткені
  • C) Және
  • D) Немесе
  • E) Кейде

3) Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемге қойылатын тыныс белгісін көрсет.

  • A) Сызықша
  • B) Үтір
  • C) Дефис
  • D) Қос нүкте
  • E) Үтір, сызықша

4) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап.

  • A) Тұманның қалыңдығы сонша — түк те көрінбейді.
  • B) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
  • C) Еңбек ерлікке жеткізер.
  • D) Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер.
  • E) Бақытта баян жоқ, ол да бір ұшқан құс.

5) Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді тап.

  • A) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.
  • B) Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер.
  • C) Баршагүл сәлем беріп еді, ол қырын қарап кетті.
  • D) Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.
  • E) Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан қонуға тура келді.

6) Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.

  • A) Сонша
  • B) Себебі
  • C) Алайда
  • D) Кейде
  • E) Әрі

Қорытынды бөлім

Графикалық диктант

Негізгі ұғымдарды жылдам бекітуге арналған қысқа тапсырмалар.

INSERT әдісі

Білемін +
Білмеймін ?
Білгім келеді

Бекіту: салалас құрмалас сөйлем түрлерін тану, жалғаулық пен тыныс белгілерін дұрыс қолдану бойынша қысқаша сұрақтармен қорытындылау.

Бағалау: жауаптардың дәлдігі, талдау сапасы және тапсырмаларды орындау белсенділігі негізінде бағалау.