Топбасшылыр сайысы

10–11 сыныптар арасындағы зияткерлік-танымдық сайыс

Бұл сайыс 10–11 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға, Қазақстандағы құқықтық реформалардың мәнін түсіндіруге және ата-баба мұрасы — әдет-ғұрып, дәстүр, сондай-ақ «Жеті жарғы» қағидаларымен таныстыра отырып, заңды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

Мақсаты

  • Жас ұрпақты еліміздегі құқықтық реформалардың мәнін түсінуге үйрету.
  • Тарих тереңіндегі ата-баба салты мен дәстүрін, «Жеті жарғы» заң қағидаларын таныстыру.
  • Оқушыларды заңды сыйлауға, құқықтық мәдениетке баулу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы
  • ҚР Конституциясы
  • Философия негіздері
  • Слайдтар, интерактивті тақта, көрме

Сайыстың құрылымы

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 «Конституцияны білу — әр азаматтың міндеті»
  3. 3 Билер мен тархандар тарихынан
  4. 4 «Ойды аяқта»
  5. 5 Топбасшылар сайысы
  6. 6 Қорытынды

Қатысушы топтар

Топ Сынып
I топ 10 «А»
II топ 10 «Ә»
III топ 11 «А»
IV топ 11 «Ә»

I тур — Таныстыру

Әр топ өз атауын, ұранын, құндылықтарын және құқық тақырыбына қатысты қысқа таныстырылымын ұсынады.

II тур — «Кім? Неше? Қайда? Қандай?»

Шарты: әр топ өзіне берілген тақырыпты осы сұрақтарға сүйене отырып, мазмұнын толық ашуы тиіс.

I топ

Қазақстан Республикасының Президенті

II топ

Қазақстан Республикасының Парламенті

III топ

Қазақстан Республикасының Үкіметі

IV топ

Қазақстан Республикасының сот билігі

III тур — «Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғаларды білесің бе?»

Бұл бөлімде оқушылар құқық, мемлекет және қоғам туралы ой айтқан тұлғаларды тануға арналған сұрақтарға жауап береді.

  1. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бөлу идеясының авторы; көне дүниенің «тірі энциклопедиясы»; Платонның шәкірті әрі 17 жыл серігі болған тұлға кім?
  2. Қазақ тілінде алғашқы құқықтық құжат жобасын жасап, халық арасында таратқан; 1885 жылы өз ұсынысымен билер съезін шақырып, заң қабылдатқан ақын, философ, гуманист кім?
  3. Алғашқы заң магистрі; құқық тақырыбына бірқатар құнды еңбектер жазған; Омбы, Семей, Павлодар қалаларында заң қызметін атқарған, Алаш партиясының мүшесі — ол кім?
  4. Белгілі заңгер, қоғам қайраткері, ағартушы-демократ; 1905 жылы жер туралы заң жобасын жасаған; 1907 жылы Орал облысынан II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған кім?
  5. Б.з.б. VI–V ғасырларда Қытайда өмір сүріп, мемлекет басқару ережелерін жасаған: «Егер делбені шебер ұстаса, аттардың өздері-ақ аңға шабады…» деген сөздің авторы кім?
  6. «Ойдан шығарылған патшалықты іздестіру… Даланың, айталық, Еуропаның тарихынан да кем түспейтін шиеленісті өз тарихы болды» деген сөздің иесі кім?
  7. Асанқайғы дәстүрін жалғастырушы; 1693–1787 жылдары өмір сүрген; біртұтас орталықтанған мемлекетті қолдаған қазақ жырауы кім?
  8. Мемлекет билігін үш «дұрыс» (монархия, аристократия, полития) және үш «дұрыс емес» (тирания, олигархия, демократия) түрге бөлген философ кім?

IV тур — «Ойды аяқта»

Қатысушылар мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің жалғасын табады.

1) Заңның құрығы…
2) Өш алғаннан гөрі…
3) Әр адамның құдайы…
4) Жамандық қылсаң, пәле күт…
5) Жазасын татпайтын…
6) Туғанына бұрғаны…

V тур — Топбасшылар сайысы

Бұл турда топбасшылар құқықтық білімге қатысты қысқа әрі нақты сұрақтарға жауап береді.

  1. 1) Заңмен белгіленген апталық жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы қандай?
  2. 2) Мәслихаттардың өкілеттік мерзімі қанша жыл?
  3. 3) Азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілерді кім шығарады?
  4. 4) ҚР Парламенті Мәжілісі неше депутаттан тұрады?
  5. 5) Меншік құқығының элементтері қандай?
  6. 6) Міндеттеменің тараптары қалай аталады?
  7. 7) Республика Президентінің кезекті сайлауын кім хабарлайды?
  8. 8) Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайтын кім немесе қай орган?
  9. 9) Азаматтық құқық қабілеттілігі қай кезден басталады?
  10. 10) Зиянды еңбек жағдайларында істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы қандай?
  11. 11) Әкімшілік жазалаудың ең көп тараған түрі қандай?
  12. 12) Мұраға қалдырудың түрлері қандай?
  13. 13) Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі қанша?
  14. 14) Мұра ашылғаннан кейін мұраны қабылдау мерзімі қанша?
  15. 15) Заң бойынша зейнетке шығу жасы қандай?
  16. 16) Жеке еңбек дауларын қарайтын органдар қандай?
  17. 17) Көшеде жүру ережесін бұзған адамға заңды жауапкершіліктің қай түрі қолданылады?
  18. 18) Түнгі жұмыс уақытының мерзімі қандай?
  19. 19) Кім ҚР Президенті болып сайлана алады?
  20. 20) Қазақтың әдет-ғұрып құқығы қалай аталады?

VI–VII кезеңдер — Қорытындылау және марапаттау

VI. Сайысты қорытындылау

Ұпайлар есептеліп, әр тур бойынша нәтижелер жарияланады. Қатысушылардың белсенділігі, дәлдігі және дәлелді жауаптары бағаланады.

VII. Марапаттау

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғысхаттармен және марапаттармен ынталандырылады.

Ескерту

Сұрақтар пакеті оқу бағдарламасына және қолданылатын құқықтық құжаттардың өзектілігіне сай нақтыланып, қажет жағдайда жаңартылып беріледі.