Мәтін бойынша берілген сұрақ - жауап арқылы сөзжұмбақты шешу

Сабақтың мақсаттары

1) Оқу сауаттылығы

  • Мәтінді сапалы, түсініп оқуға үйрету.
  • Оқығанын өз сөзімен жүйелі баяндай білуге машықтандыру.
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге дағдыландыру.

2) Ойлау және тіл дамыту

  • Жүйелі ойлау қабілетін арттыру.
  • Өз бетімен ойланып, ізденуге жетелеу.
  • Оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  • Өзіндік талдау мен жинақтау жұмысына төселдіру.

3) Тәрбиелік бағыт

  • Бір-бірінің ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.
  • Өзара сыйластықты қалыптастыру.
  • Біреуге қарап күлмеуге, мазақтамауға үйрету.
  • Адамды сөзі мен ісіне қарап құрметтеуге баулу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап зерттеу жинақтау баяндау сипаттау ой қозғау

Түрі және ресурстар

Сабақтың түрі
Дамытушылық (оқу мен жазу арқылы оқыту).
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі.
Көрнекіліктер
Ребусқа арналған суреттер, сызба-карта, кестелер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа дайындық жұмыстарын жүргізу.
  • Сабаққа байланысты тілек сөздер айту.

II. Ой шақыру

Ребус шешу арқылы сабақ тақырыбына шығу.

Ребустың шешуі:

  • Қызыл Жебе
  • Аспара
  • Көке

Сұрақтар:

  • Бұл сөздерді қай әңгімеден кездестірдіңдер?
  • Әңгіме кім туралы?

III. Мағынаны тану

Шығарма туралы

Автор
Шерхан Мұртаза
Жанр
Әңгіме
Негізгі тәрбие
Біреуді мазақтамау

Картамен жұмыс (зерттеу кестесі)

Тақырып

Бала Тұрар

Бағыт

Іс-әрекеттер, кейіпкерлер, жазылған сөздер.

Топтық жұмыс: кейіпкерлерді салыстыру

Әр топ Тұрар мен Атамырзаның сырт келбеті, мінезі, әрекеті және жазу мәнері бойынша дерек жинап, дәлел келтіреді.

1-топ: киіміндегі айырмашылық

  • Тұрар: ескі бешпент, шынтағы жыртылған.
  • Атамырза: қара костюм, жап-жаңа, әдемі тігілген.

2-топ: портрет және мінез

  • Тұрар: басы сәл үлкендеу, шекесі шығыңқы; көзінде қорқыныш жоқ; сабырлы, ақылды, сауатты.
  • Атамырза: тайқы маңдай, бадырақ көз; бойшаң, асау мінезді, сидаңдау.

3-топ: әрекет арқылы мінездеу

  • Тұрар: бешпентінің шынтағындағы жыртық арқылы оның тұрмысы мен қарапайымдылығы аңғарылады.
  • Атамырза: тақтаны сүрту қимылы (жеңіне бор жағып алды, тақтаны түкірікпен сүртті) оның ұқыпсыздығын көрсетеді.

4-топ: жазу мәнері

  • Тұрар: мұғалімдікінен айнымайтындай етіп әдемілеп жазды.
  • Атамырза: әрең жазды; арық түйенің өркешіндей арбиып тұрды.

5-топ: бағалау және дәлел

Тұрар

«Бес» деген баға қойылды, мақталды. Себебін мәтіннен дәлел келтіріп толықтырыңдар.

Атамырза

Бағасы мен мақталмау себебін мәтінге сүйеніп дәлелдеңдер.

IV. Ой толғаныс

Мәтін бойынша берілген сұрақ-жауап арқылы сөзжұмбақты шешу. Бұл кезеңде оқушылар негізгі ойды қорытындылап, кейіпкерлер әрекетіне баға береді.