Ахмет ауылының тапсырмасы

Сабақтың тақырыбы: Құштарлық

Бұл сабақ кітаптың қадірін түсіндіруге, оқуға ынтаны арттыруға және оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне жағдай жасауға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: кітаптың шығу тарихы мен жасалу жолы туралы мәлімет беру; ғұламалардың еңбегін таныту; Ж. Аймауытовтың шығармашылығына назар аударту.
  • Тәрбиелік: кітапты күтіп ұстауға, таза әрі ұқыпты болуға, кітапқа құштарлықпен қарауға тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: өз ойын ашық айтуға, пікірін дәлелдеуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру.

Ұйымдастыру

  • Технологиясы: ДОТ элементтері
  • Түрі: аралас сабақ
  • Типі: жаңа білім беру
  • Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелесу, сөздік әдіс

Көрнекіліктер мен әдебиеттер

Көрнекіліктер

Ғұламалар суреттері, кітап, сөзжасам материалдары, “Білім елі” картасы, сөздік, кітаптар көрмесі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әдебиеттік оқу (2-сынып). Алматы кітап, 2009. Б. И. Иманбекова.
  2. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007. Р. Ж. Тұрдалиева.
  3. Қазақ тілін оқыту методикасы. Ана тілі, 1991. С. Рахметова.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын дайындап, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру және ортақ оқу мақсатына бағыттау.

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (жанындағы досын көрсетеді)

Қуанайық, достарым, (бір-бірінің қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ойын: “Білімділер еліне саяхат”

Шарты: Білімділер еліне баратын жолда бірнеше ауыл бар. Әр ауылдағы ғұлама қойған сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Жүргізу ережесі

“Балалар, бүгін біз Тапқышбекке Білімділер еліне жетуге көмектесеміз. Бірақ жолда ауылдар кездеседі. Сол ауылдарда ғұламалар өмір сүреді. Білімділер еліне жету үшін олардың тапсырмаларын орындауымыз керек.”

Мұғалім: “Балалар, Тапқышбекке көмектесеміз бе?”
Оқушылар: “Иә!”
Мұғалім: “Жарайсыңдар! Ендеше, іске сәт!”

Ауыл тапсырмалары

  • Абай ауылы

    “Керемет баға” мәтіні бойынша түсінік айту.

  • Ыбырай ауылы

    Айжарық неге көңілді болды?

    Айжарықтың орнында болсаң, не істер едің?

    Мәтін неліктен “Керемет баға” деп аталған?

  • Ахмет ауылы

    “Керемет баға” тақырыбында эссе оқу.

  • Әбу Насыр әл-Фараби ауылы

    “Сөз сиқырын ұғайық” өлеңін оқу.

    Қазақ тілі неліктен мемлекеттік тіл? Себебін түсіндіру.

Қорытынды

Оқушылардың тиянақты дайындығының арқасында Тапқышбек Білімділер еліне жетеді. Ризашылық ретінде ол балаларға білімін әрі қарай жетілдіру үшін кітап сыйға қалдырады.

III. Жаңа сабақ

Сабақтың негізгі өзегі — кітап және оқуға деген құштарлық.

Сұрақ

Балалар, кітап туралы не білеміз?

Кітаптың шығу тарихына қысқаша шолу

Алғашқы кітап үлгілері ежелгі Мысырда, Шығыс елдерінде және Грекияда тас тақталарға жазудан басталған. Кейін кітап парақтары ағаштан алынған материалдарды өңдеу арқылы дайындалған. Кітаптың дамуына көптеген ғұламалар мен ойшылдар өз еңбегін сіңірді.

Мәтінмен танысу

Бүгін біз кітапқа құштарлықты арқау еткен ұлы ғұламалардың бірі — Жүсіпбек Аймауытовтың “Құштарлық” әңгімесімен танысамыз.

Талқылау

Ж. Аймауытов туралы не білеміз? Ол — жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Орнымызды табайық.

Ескерту

Оқушылар қимыл-қозғалыс арқылы жаттығуды орындайды.

Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды және мазмұнын түсіндіреді.
  2. Оқушылар мәтінді іштей оқиды.
  3. Жақсы оқитын оқушылар тізбектей оқиды.
  4. Мәтін желісі бойынша сұрақтарға жауап береді. (Жақсы жауап берген оқушыларға “кітап” бағалау фишкасы таратылады.)

Сұрақ 1

Қартқожаны не нәрсе қуантты?

Сұрақ 2

Ол өзіне қандай серт берді?

Сұрақ 3

“Құштарлық” сөзін қалай түсінесің?

Сөздік жұмыс

Көзі жайнап
қуану, шаттану.
Қаңтарып тұсап
аттың басын көтере байлау.
Мидай жазық
ұшы-қиыры көрінбейтін кең дала, айдала.
Есіл дерті
бар ойы, бар зейіні.

Тапсырмалар

  • Мәтін мазмұнына сай кітап туралы мақал-мәтел айту.
  • Қартқожа оқыған кітаптың мазмұны туралы өз пікірін білдіру.

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысындағы сөздерді және айтылған мақал-мәтелдерді дәптерге жазу.

IV. Сабақты бекіту

Ойын: “Тапқыр болсаң, тауып көр”

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін және шапшаңдығын дамыту.

Мұғалім тақтаға “Сөзжасам” материалын іледі. Оқушылар шашыраңқы берілген әріптерден әртүрлі сөздер құрастырады.

Мұғалім қорытындысы

Сабақ барысында оқушылардың сөздік қоры толықты. Кітап туралы түсінігі кеңейіп, негізгі ұғымдар қалыптасты.

V. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар жиналған “кітап” фишкалары бойынша бағаланады:

  • Қызыл — 5
  • Жасыл — 4
  • Сары — 3

VI. Үй тапсырмасы

Теориялық

Мәтінді түсініп оқып келу.

Шығармашылық

  1. Кітапқа байланысты мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жазып келу.
  2. Ж. Аймауытов туралы қысқаша реферат дайындау.