Оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру
Сабақтың тақырыбы
Ұл. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың ауызекі тілде еркін сөйлеп, ойды қисынды жеткізу дағдыларын дамыту.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Оқушылардың білімін тереңдету арқылы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушының өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету; үйренген сөздерді орынды қолданып сөйлеу, өзгенің пікірімен санасу, бұйрық раймен емес, дәлелмен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Отанды сүюге, батылдық пен тәуекелшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
- Бағалау парақшаларын тарату (өзін-өзі бағалау).
- Оқушыларды санау арқылы әділ түрде 3 топқа бөлу.
II. Үй жұмысын тексеру
Оқушыларға кеспе қағаздары таратылады. «Біліммен ой сергіту» сұрақтары арқылы өткен тақырыптар пысықталады.
Сұрақтар
- Құрмалас сөйлем кемінде неше жай сөйлемнен тұрады?
- Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата.
- Ыңғайласқа айналатын салалас түрі.
- Қайталанбайтын жалғаулықтар.
- «Мынау, сонша, сол» — қай салаластағы жалғаулық?
- Үш жалғаулығы бар салалас.
- «Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл сал» — қай түрі?
- «Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың» — салалас па, сабақтас па?
Жауап кілті (берілген нұсқа)
- 1) Кемінде екі
- 2) Жоқ
- 3) Кезектес
- 4) «және», «немесе»
- 5) Жалғаулық емес
- 6) Кезектес
- 7) Шартты бағыныңқылы сабақтас
- 8) Салалас емес
Ескерту: Кей жауаптар талқылау арқылы нақтыланады. Мақсат — дайын жауапты айту емес, неліктен солай екенін дәлелдеу.
III. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің ерекшеліктері түсіндіріледі. Тақырып тірек сызбалар арқылы жүйеленіп беріледі.
Не үйренеміз?
Мезгіл мағынасының бағыныңқы сөйлем арқылы берілу жолдары.
Қалай жұмыс істейміз?
Мысал талдау, сұрақ қою, сөйлем мүшелерін салыстыру.
Нәтиже
Сөйлем құрау және мәтіннен таба білу дағдысы қалыптасады.
IV. Мәтіндермен жұмыс
Оқушылар мәтінді оқып шығып, бір-біріне мазмұндап әңгімелейді. Жаңа сөздермен танысып, бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасады.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Екі әңгіменің қайсысы ұнады? Неліктен?
- Неліктен кейіпкер әкесін құтқарды деп ойлайсыңдар?
- Қай ұлға сүйсіндіңдер? Себебін дәлелдеңдер.
- Осындай жағдайға тап болсаңдар, не істер едіңдер?
- Әкенің тілін алу керек пе? Неге?
- Өзің қай кейіпкердің орнында болғың келеді?
- Қандай ой түйдіңдер?
Топ 1
Ертедегі ұл бала бейнесі (пікірталаста позицияны қорғайды).
Топ 2
Қазіргі кездегі ұл бала бейнесі (пікірталаста позицияны қорғайды).
Топ 3
Бақылаушы топ (ойды жинақтап, топтарды сипаттайды).
V. Жаттығулармен жұмыс
1-тапсырма
Мәтіннен мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, көшіріп жазыңдар және жасалу жолын көрсетіңдер.
2-тапсырма
Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар:
Бағалау: өзін-өзі бағалау.
VI. Сабақты бекіту
Кері байланыс
«Келісемін / келіспеймін» тәсілі арқылы оқушылар өз көзқарасын қысқа әрі нақты білдіреді.
Стикердегі сұрақтар
- Не үйрендім?
- Сізді не қызықтырды?
- Қандай қиындықтар болды?
Тест (иә / жоқ)
Төмендегі тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңдер.
- Шал ұлынан ақша сұратты. жоқ
- Кедей шалдың ержүрек, адал ұлы бар екен. иә
- Бала біреуден көмек сұрады. жоқ
- Әкесі қауқарлы, жас болатын. жоқ
- Баласы қарақшылармен жолыққан жоқ. жоқ
- Баласы өзін ұсынды. иә
- Олар шалдың ұлына таң қалған жоқ. жоқ
- Олар әкесін берді. иә
- Ұлын алып қалды. жоқ
- Әкесі мен баласы үйіне қайтты. иә
Қорытынды: суммативтік баға шығару және оқушының өзін-өзі бағалауымен салыстыру.
Үй тапсырмасы
- Ережені жаттау.
- Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.
- Әр оқушы 1 ситуациялық жағдаят дайындап келу.