Ақтамберді жыраудың толғаулары
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы
Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сейдағалиева Гүлмира
Пән
Қазақ әдебиеті
Сынып
9-сынып
Сабақ тақырыбы
Ақтамберді жырау
Сабақтың басты мақсаты
Ақтамберді жырау туралы жан-жақты мәлімет беру; толғаулар арқылы оқушылардың ерлікке, елге сүйіспеншілікке бағытталған құндылықтарын дамыту; шығармалардың өмірлік маңызы мен тілдік-көркемдік ерекшеліктерін таныту.
Көрнекіліктер мен техникалық құралдар
- Интерактивті тақта
- Ақтамберді жырау туралы слайд-презентация
- Түрлі кесте қағаздары
- Тұжырымдамалық карта (постер) плакаттары
- Маркерлер және қосымша материалдар
Сабақтың міндеттері
- 1 Ақтамберді жыраудың өмір жолынан мәлімет беру.
- 2 Толғаулар арқылы ерлікке баулу, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
- 3 Толғаулардың өмірлік маңызы мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасау.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 1 минут
Оқушылар үш топқа бөлініп орналасады. Сабақ барысы мен күтілетін нәтижелер қысқаша хабарланады.
І. Үй тапсырмасын тексеру
Уақыты: 10 минут
1-кезең: Жалпылама шолу
Уақыты: 2 минут
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы жыраулар поэзиясына қатысты негізгі ұғымдар еске түсіріледі.
- Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?
- Негізгі тақырыптары қандай?
- Қандай өзекті мәселелер жырларға арқау болды?
- «Жыршы», «жырау», «толғау» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
- XV–XVIII ғасырларда өмір сүрген қандай жырауларды білесіңдер?
- Жыраулық өнер «дала абызы» деп аталып, кімнен бастау алады?
2-кезең: Доспамбет жырау шығармашылығы
«Қар кесегі» стратегиясы бойынша оқушылар Доспамбет жыраудың өмірі туралы баяндайды.
Толғауларды жатқа, мәнерлеп оқиды.
«Айнала бұлақ, басы Тең», «Арғымаққа оқ тиді» толғауларының көркемдік ерекшеліктерін талдайды.
Жаңа тақырып: Ақтамберді жырау
Тақырыпты ашу тәсілі
Уақыты: 1 минут
Үш топқа «Адасқан әріптер» стратегиясы бойынша сөздер беріледі:
І топ
Қ Е М Р А Д А І Б
ІІ топ
Ы Ж А У Р
ІІІ топ
К Ү Л Д І Р - К Ү Л Д І Р К І С І Н Е Т І П
Сабақ кіріспесі: өлең шумағы
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман.
Сыртым — құрыш, жүзім — болат,
Тасқа да салсаң, майырылман!Ақтамберді жырау
Өмірі мен тұлғалық болмысы
Ақтамберді жырау 1675–1768 жылдары өмір сүрген. Ол Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратау баурайында дүниеге келген. Әкесі Сары ауқатты адам болған.
Болашақ жырау жамағайын туысы, Бердіке атты батырдың қолында өседі. Ақтамберді жырау — тек сөз зергері ғана емес, ат үстінен түспеген батыр, қолбасшы, қоғам қайраткері, дипломат әрі қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері.
Сабақта жыраудың өмір жолы мен айқастары кесте арқылы түсіндіріледі, сондай-ақ Ақтамберді жыраудың мавзолейінің суреті көрсетіледі.
Негізгі толғаулары
- «Күлдір-күлдір кісінетіп»
- «Уа, қарт Бөгембай»
- «Менімен ханым ойнаспа»
- «Жауға шаптым ту байлап»
- «Заманым менің тар болды»
- «Балаларыма өсиет»
- «Түйе мойнын тұз кесер»
- «Жылқыдан асқан мал бар ма?»
- «Балпаң-балпаң кім баспас»
- «Жауға шаптым»
- «От басар орны отаудай»
Бүгінгі сабақ фокусы
Осы толғаулардың ішінен «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауына ерекше назар аударылады. Бұл туынды ақынның арманын танытып, тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған болуды аңсаған батыр бейнесін айқын бедерлейді.
Тыңдалым
Оқушыларға белгілі термеші Бекболат Тілеухан орындауындағы Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп» термесі тыңдатылады.
Деңгейлік тапсырмалар
Жалпы бөлім
Жаңа тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.
Уақыты: 20 минут
І деңгей
Мәнерлеп оқу және түсіндіру
«Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын мәнерлеп оқу, мағынасын және маңызын түсіндіру.
ІІ деңгей
Топтық жұмыс
1) Ақтамберді жырау (және жалпы жыраулар) туралы топтық эссе жазу; әр топ басшысы оқып береді. (4 минут)
2) Семантикалық картамен жұмыс: әр топ өз картасын толтырып, кейін интерактивті тақтадағы кестелерді белгілейді. (5 минут)
І топ
«Әдебиеттің кезеңдерін білесің бе?»
ІІ топ
«Жырауларды білесің бе?»
ІІІ топ
«Толғауларды қаншалықты білесің?»
ІІІ деңгей
Тұжырымдамалық карта (постер) қорғау
Бүгінгі сабақта меңгерген білімді қорытындылап, тұжырымдамалық карта (постер) арқылы қорғау жұмысы орындалады. (6 минут)
Оқулық бойынша арнайы тапсырмалар
І топ
Ақтамберді жырларындағы еңбек мәселесі және «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауына талдау; аллитерация үлгілерін табу.
ІІ топ
Ақтамберді жырларындағы ерлік идеясы; толғаудағы теңеу мен эпитеттерді анықтау.
ІІІ топ
Ақтамберді жырларындағы ағайын татулығы тақырыбы; толғаудағы көнерген сөздерді табу және түсіндіру.
Қорытынды және кері байланыс
Ауызша рефлексия
Уақыты: 4 минут
Оқушылармен ауызша кері байланыс жүргізіледі: сабаққа дейін Ақтамберді жырау туралы не білді, сабақтан кейін не үйренді; мақсатқа қол жеткізілді ме; не ұнады, нені толықтыру керек деген сұрақтар арқылы пікірлер тыңдалады.
Үй тапсырмасы және бағалау
- Ақтамберді жыраудың шығармашылығын оқып келу.
- «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын мәнерлеп жаттап келу.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. Қосымша материал ретінде Ақтамберді жырау жөніндегі презентация пайдаланылады.