Балуан Шолақ жеңген палуан

Қарағанды қаласы, №20 орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Асанова Гүлмира Сейсембаевна

Сабақ тақырыбы

Сәбит Мұқанов: «Каронмен күрес» (Балуан Шолақ повесінен үзінді)

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

  3. III

    Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру

  4. IV

    Жаңа сабақ

    1) Жазушы туралы мәтінмен жұмыс (өзара оқыту)

    • Әр оқушы берілген мәтінді өздігінен оқып, негізгі ұғымдарды анықтайды.
    • Маңызды ойларды бөліп алып, тірек-конспект құрастырады.
    • Дайындалған оқушы конспектісіне сүйеніп, серіктесіне түсінгенін әңгімелейді.
    • Жұптар ауысып, өзара түсіндіру жалғасады.
    • Қажет болса, мазмұндаудың тірек сызбасы да жасалады.

    2) «Каронмен күрес» үзіндісімен танысу

    а) Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балуан Шолақ туралы

    Балуан Шолақ Баймырзаұлы — қазақ халқының белгілі сазгері, ат ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген өнерпаз, күш өнерінің дара тұлғасы, жауырыны жерге тимеген балуан. Азан шақырып қойған шын аты — Нұрмағанбет.

    Жас кезінде саусағын отқа күйдіріп алуына байланысты және өнеріне сүйсінген ел-жұрт оны «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. Оның өмірі сұлу Көкше өңірімен тығыз байланысты.

    Бала кезінен-ақ балуандықпен танылып, ел ішіндегі ойын-тойдың көркіне айналады. Ат үстінде түрегеп тұрып өнер көрсетіп, теңге алу, сайыс, көкпар сияқты ойындарда алдына жан салмаған.

    Өнерге құштарлығы ерте оянып, Біржан сал мен Ақан серінің әндерін нақышына келтіріп орындайды. Ел аралап, халық ішінен шыққан өнерпаздармен танысып, өзі де ән шығарады.

    Балуан Шолақ шығармаларында халық мұңын жырлап, би-болыстар мен байлардың әділетсіздігіне, патша үкіметінің озбырлығына қарсы ән-жырымен үн қатады.

    Музыка зерттеушісі А. Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әнін жазып алып, оларды «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізген.

    Өнерімен халқын сүйсіндіріп, Сарыарқаны сазды әуенімен тербеткен Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы Өзектісайда дүниеден өтеді.

    ә) Тыңдалым

    Балуан Шолақтың әндерінен үзінді тыңдату.

    б) Оқылым

    «Каронмен күрес» үзіндісін түсініп оқу.

    в) Сөздік жұмысы

    Сөз Мағынасы
    бақсчастье
    асгодовщина смерти
    ұлы думанвеликое пиршество
    мінизъян
    сыбысслух, молва
    аждаһадайгигантский
    күндеузавидовать
    ерегіске жаны құмарлюбитель спорить, не уступать
    теріскейсеверная сторона
    құрсауылдап айналуокольцовывать
    сусындауутолить жажду
    тақтай үйшікдеревянный домик
    делебевозбуждение, интерес, азарт
    тұлғафигура
    сескенуопасаться, страшиться
    сылтаупричина
    жауырынлопатка
    бұлшық еттермускулы, мышцы
    мойыншея
    алқымгорло, глотка
    тәсілприем
    тұзақпетля
    үйірузакрутить
    иықплечо
    шалқасынанна спину
    шөкесінен отырусидеть на корточках
    қауіптенуопасаться
    ысқырусвистеть
    өңдікрасивый
    тыржитусморщиться
    мертігуполучить травму
    нәтижерезультат
    кір көтеруподнять гири
    тізеколено
    шынтақлокоть

    г) Топтық жұмыс: үзіндіні құрылымдау

    • Үзіндіні бірнеше бөлікке бөліп, әр бөлікке атау беру.
    • Бөліктер санына қарай оқушылар топтарға бөлінеді.
    • Әр топ өз бөлігіне қайтадан зейін қойып оқып, мазмұнын сурет, сызба және шартты белгілер арқылы ұсынады.
    • Дайын «шпаргалкаға» сүйеніп, мәтін бөлігін мазмұндайды.
    • Барлық топтың жұмысы біріктіріліп, үзінді толық баяндалады.
  5. V

    Сабақты бекіту

    Үзінді мазмұны бойынша сұрақтар

    • Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан кейін ел ішіне жайылды?
    • «Сегіз қырлы жігіт» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
    • Балуан Шолақ қандай сыбыс естіді?
    • Балуан Шолақ қандай шешімге келді?
    • Балуан Шолақ достарымен қайда барды?
    • Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қай жерде кездестірді?
    • Французша күрестің ерекшелігі қандай?
    • Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күресті? Үзіндіні оқып беріңдер.
    • Күрес қалай аяқталды?
    • Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?
  6. VI

    Сабақты қорытындылау және бағалау

    Блиц-турнир

    • С. Мұқанов ...
    • С. Мұқанов — ...
    • Жерлестері оны ... атандырды.
    • 1919 жылы ...
    • 1938 жылы ...
    • Жазушы ... марапатталды.
    • Балуан Шолақ туралы шығармасы — ...
    • Балуан Шолақтың шын аты — ...
    • Балуан Шолақ жеңген палуан — ...
  7. VII

    Рефлексия

    Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, спортпен шұғылдануға қатысты көзқарастарын білдіру.

  8. VIII

    Үй тапсырмасы

    1) Кесте толтыру

    Хрестоматияда берілген үзіндіні пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңдар.

    Балуан Қандай?
    Балуан Шолақ...
    Түйе балуан...
    Карон...

    2) Шығармашылық жұмыс

    Қазақ халқының атақты балуандары туралы шығармашылық жұмыс орындаңдар (эссе, презентация, постер немесе қысқа зерттеу).