Мектепішілік Жас информатиктер білімділік сайысына қош келдіңіздер

Сыныптан тыс іс-шара

«Жас информатиктер» сайысы

Мақсаты

Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын және белсенділігін арттыру, шығармашылық әлеуетін байқату әрі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Сыныптан тыс сайыс-сабақ.

Жүргізуші

Информатика пәні мұғалімі.

Кіріспе сөз

Информатика — болашаққа бастайтын білім. XXI ғасырдың қақпасын ашып, әлем жаңалығына қадам бастырады. Нұрлы үмітті арқалаған жас ұрпаққа жан сәулесін шашып, ізденіске жетелейді.

Шын жүректен құрмет білдіре отырып, «Жас информатиктер» сайысына қатысатын сайыскерлерді ортаға шақырайық!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мектепішілік «Жас информатиктер» білімділік сайысына қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс құрылымы

Сайыс төмендегі бөлімдер бойынша өтеді. Ұпайларды әділқазылар алқасы бағалайды.

  1. 1) Команданы таныстыру

    10 ұпай

    Әр команда өз атауын және эмблемасын таныстырады.

  2. 2) «Көшбасшы» ойыны

    көп кезең

    Сұрақ-жауап, сөзжұмбақ және тапқырлық кезеңдерінен тұрады.

  3. 3) «Компьютерді вирустан құтқарайық»

    әр жауапқа 5 ұпай

    Компьютер құрылғылары, вирус және антивирус тақырыбындағы қысқа сұрақтар.

  4. 4) Пікірталас: пайдасы мен зияны

    10 ұпай

    І топ — компьютердің пайдасы, ІІ топ — компьютердің зияны туралы ой қозғайды.

2-бөлім: «Көшбасшы» ойыны

I кезең: Сұрақ-жауап

Әр сұрақ ұпай құнымен бағаланады.

Ақпарат сөзі нені білдіреді?

10 ұпай

«Ақпарат» сөзі латын тілінен шыққан, баяндау, түсіндіру, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді.

Бейнелі ақпарат дегеніміз не?

10 ұпай

Табиғат көріністері мен кескіндерді қабылдау, сондай-ақ дәм және иіс сезу арқылы алынатын ақпарат.

Таңбалы ақпарат дегеніміз не?

20 ұпай

Адамның сөйлеу және жазу түрінде алатын ақпараттары.

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

30 ұпай

Информатика.

Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не?

30 ұпай

Күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттер, радио және теледидар.

Компьютер дегеніміз не?

40 ұпай

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал.

Адам ақпаратпен қандай әрекет жасай алады?

40 ұпай

Адам ақпаратты сақтай алады, өңдей алады және жеткізе алады.

II кезең: Дода (сөзжұмбақ)

Дұрыс жауап: 10 ұпай Тақырып: «Информатика»

1) Жазылған ақпаратты ұзақ уақыт сақтайтын құрылғы

Жауабы: диск

2) Ақпаратты шығару құрылғысы

Жауабы: принтер

3) Дискідегі атауы бар аймақ

Жауабы: файл

4) Компьютердің «миы»

Жауабы: процессор

5) Дыбыс жазуға арналған құрылғы

Жауабы: микрофон

6) Адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін құрылғы

Жауабы: монитор

7) «Түсіндіру, баяндау» ұғымын білдіретін сөз

Жауабы: ақпарат

8) Саусақтар «билейді», экранға мәтін «сыйлайды»

Жауабы: пернетақта

9) Вирусты тауып, жоятын бағдарлама

Жауабы: антивирус

10) Дыбыс шығаратын құрылғы

Жауабы: колонка

11) Пернеден «жасқанатын», адам көмегімен басқарылатын құрылғы

Жауабы: тышқан

III кезең: Тапқырлық

Топтарға компьютердің суреті беріледі. Әр топ компьютер туралы өз ойларын ортаға салады. Ең мазмұнды жауапқа 10 ұпай беріледі.

3-бөлім: «Компьютерді вирустан құтқарайық»

Әр сұрақтың жауабына 5 ұпай беріледі.

1) Компьютердің негізгі құрылғылары

Монитор, жүйелік блок, пернетақта.

2) Компьютердің қосалқы құрылғылары

Принтер, колонка, тінтуірге арналған төсеніш (коврик).

3) Процессордың қызметі

Процессор — компьютердің ең басты бөлігі, яғни «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы командаларды орындайды.

4) Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Компьютерлік вирустар — компьютердің жұмысына кедергі келтіретін, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын зиянды бағдарламалар.

5) Антивирус дегеніміз не?

Антивирустар — вирус жұққан бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдардың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар.

6) Вирусқа қарсы қандай бағдарламаларды білесіңдер?

Dr.Web, ESET NOD32, AVG, Norton Antivirus, Kaspersky Antivirus және т.б.

4-бөлім: Компьютердің пайдасы мен зияны

І топ: Компьютердің пайдасы

Оқу, ізденіс, байланыс, ақпаратты өңдеу, шығармашылық жұмыс және түрлі қызметтерді жеңілдету бағытында дәлелдер келтіреді.

Бағалау: 10 ұпай

ІІ топ: Компьютердің зияны

Денсаулыққа әсері, уақытты тиімсіз пайдалану, тәуелділік, қауіпсіздік пен киберқауіптер туралы ойларын айтады.

Бағалау: 10 ұпай

Қорытынды

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпайларын есептеп, қорытынды шығарады. Қатысушылар марапатталады.

Алғыс және қоштасу

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін,
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет! Қадірлі қонақтарымызға ізгі тілегімізді білдіреміз: қанаттарыңыз талмасын, биіктеріңізден көріне беріңіздер.

Қош, сау болыңыздар!