Білім қуған біз оқушы ұландар, Келіп тұрған жарысуға қырандар
Тақырыбы
«Математикалық поезд» — Ақтөбе–Астана бағыты бойынша математикалық ойын.
Мақсаты
- Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.
- Логикалық ойлауын дамыту және ынталандыру.
- Математиканы өмірмен байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру.
Әдісі
Ойын жүргізу форматы, өзара жарыс, команда ішінде бірлесіп шешім қабылдау және жылдам жауап беру.
Көрнекілігі
Поезд
Үш вагоннан тұрады.
Анықтама бөлімі
Ережелер мен нұсқаулыққа арналған бұрыш.
Касса
«Билет алу» кезеңін ұйымдастыруға.
«Аквариумдегі балықтар»
Сұрақтар жасырылған карточкалар.
Есептер мен жұмбақтар
Станциялар бойынша тапсырмалар жинағы.
Жоспары
- 1 Ұйымдастыру кезеңі.
- 2 Поездға билет алу.
Жүрісі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 5-сыныптар арасында Ақтөбе–Астана бағыты бойынша өтетін «Математикалық поезд» атты математикалық ойынды бастаймыз.
Жүргізуші 1
Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы —
Математика жайында
Ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші 2
Ойынға қатысушылар келіп, билеттерін алады. Қоңырау үш рет соғылады. Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетіп, вагондарға орналасады.
Топтардың орналасуы
Купе
«Алғырлар»
Плацкарт
«Тапқырлар»
Жалпы вагон
«Ойшылдар»
Жолға шығу
Жүргізуші 2: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Математикалық поезд жолға шықты.»
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.
Станциялар бойынша тапсырмалар
Әр станция — жаңа кезең. Командалар ұпайды жетон арқылы жинайды, ал тапсырмалар жылдамдық пен дәлдікті талап етеді.
Никельтау станциясы — «Балық аулау»
СұрақтарӘр топтан бір оқушы «балық» таңдап, ішіндегі сұраққа жауап береді.
- Сіз автобус жүргізушісісіз. Автобуста бастапқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам мінді. Екінші аялдамада 7 ер адам мінді және 2 әйел адам түсті. Қазір автобуста қанша жолаушы бар?
- Жасы жүзге келген қария өмір бойы туған күнін бар болғаны 25 рет ғана атап өткен. Себебін түсіндір.
- 10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?
Әйтеке би станциясы — Жұмбақтар
ОйланҮш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі.
Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар,
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
Жауабы: Домбыра
Алды–артымыз шексізде,
Жете алмайсыз біздерге.
Сәуле менен кесінді —
Шыққан тегін білесің бе?
Жауабы: Түзу
Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ, аяғы —
Бір айналым баяғы.
Жауабы: Дөңгелек
Тобыл станциясы — «Ғажайып заңдылықтар»
Үлгі тап- Сандар қатарын жалғастыр: 3, 7, 11, 15, 19, ...
- Артық сөзді алып таста: метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр
-
Қай қатар артық?
2 5 8 11 141 4 7 10 1310 20 30 40 50
Құсмұрын станциясы — Терминдер құрастыру
Сөздік қорТоптар төмендегі әріптерді пайдаланып, мүмкіндігінше көп математикалық термин жазады:
С І Р К Б Ы И Т Ұ Ш Ү Н Е Ж
Кеңес: қысқа терминдерден бастап, кейін күрделірек сөз тіркестеріне өтіңіз.
Есіл станциясы — Жедел сұрақтар
Ой ұшқырлығы- Глобус қандай фигураны елестетеді?
- Қай айда 28 күн бар?
- Бір тауықтың салмағы 3 кг. Егер тауық бір аяғымен тұрса, салмағы неше кг болады?
- Бір жұмыртқаны пісіруге 3 минут кетеді. Бес жұмыртқаны пісіруге неше минут кетеді?
Атбасар станциясы — Өрнектерді есептеу
Дәл есеп1-тапсырма
42a + 8, мұнда a = 5
2-тапсырма
3x + 14x, мұнда x = 3
3-тапсырма
26y − 3, мұнда y = 2
Астана — Мәреге келу
Қорытынды«Математикалық поезд» Астана қаласына келіп тоқтайды. Әр топ өз жетондарын жолсерікке санатады. Нәтиже бойынша жеңімпаз анықталады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Математикалық поезд» өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет!
Автор туралы мәлімет
Мекеме
Ақтөбе қаласы, №23 орта мектеп-лицейі
Пәні
Физика және математика
Мұғалім
Набиева Майра Сарсенгалиевна