Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
Диктант
Сабақтың түрі
Қайталау
Сабақтың әдісі
Баяндау
Көрнекілігі
Диктанттар жинағы
Сабақтың мақсаты
- Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту; өз ойын еркін жеткізуге және сауатты жазуға дағдыландыру.
- Мұқият тыңдап, ұқыпты жазуға үйрету.
- Өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мейірімді әрі кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Тақтаға бүгінгі күнді жазу.
2) Жаңа сабақты түсіндіру
Мәтін бір рет оқылады. Оқушылар тыңдай отырып, тыныс белгілерін дұрыс қояды және сауатты жазуға мән береді.
Диктант мәтіні
Мұхтар Әуезов, 177 сөз
Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы. Ашуы келіп аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы тұрған затты жерге қаққандай болып құлшынып тұр.
Ысқырып, бұлқынып, жынданып, келе жатқан жолында беті қара жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де, екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршықтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр.
Долы желдің айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтанған ұсақ қар ұйытқып келіп, қуыс жердің бетін басып жатыр. Шыңтау тентек желдің ашуы мен ойнағына қарап, тұманды ойға батқандай: бас жағы бұлтқа араласып, мұнарланып, түнеріп тұр.
Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай: аспандағы ай-жұлдыздан да, жердегі қара-құрадан да ешбір белгі жоқ. Айнала аппақ болып тұтасып алған.
Биік тауға екпіндеп ойнап шығып, шың басында өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде, долы дауыл сай бойында жын-перінің күйіне билегендей болады. Ағындап, құтырып келіп, жартасқа соғып қорқытпақ болып, көрігін басып гуілдейді.
Үй тапсырмасы
Қайталау.