Саптық жаттығу

Технологиялық карта №39

Топ: Ортаңғы топ
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Беткейге сатылып көтерілу және түсу

Сабақтың мақсаты

  • Биікке сатылып көтерілу және түсуді үйрету.
  • Негізгі қасиеттерді — шапшаңдық пен ептілікті дамыту.
  • Бір-біріне деген сыйластық сезімін қалыптастыру.

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

3 минут

Ұйымдастыру

  • Балаларды бір-бірден сапқа тұрғызу.
  • Амандасу.
  • Сұрақ қою: «Балалар, бүгін сабақта не істейміз?» (суреттерді көрсету).

Әңгімелесу: «Денсаулық деген не?»

Тәрбиеші балалардан: «Денсаулық дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?» — деп сұрайды (балалардың жауаптары тыңдалады).

«Біздің денсаулығымыз өзімізде: менің де, сенің де, бәріміздің ішімізде. Ендеше бір құпияны ашайын: денсаулықты көп сәулелі күнге ұқсатайық».

Күннің 1-сәулесі — «КҮШ»

Сұрақ: «Күшті болу үшін не істеу керек?» Жауап: «Денені шынықтыру керек».

Саптық жаттығулар

  • Оңға, солға бұрылу.
  • «Сол иықпен алға — бас!» командасымен саптық қозғалыс.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

13 минут

1) Жүріп орындалатын жаттығулар

  • Қолды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру (зал бойымен 0,5 айналым).
  • Қол желкеде, өкшемен жүру (зал бойымен 0,5 айналым).
  • Қол белде, тізені көтеріп жүру (зал бойымен 0,5 айналым).
  • Таяқпен сырғанауды қайталау.
  • Жүгіру: 2 айналым.
  • «Шар үрлеу» — тыныс алу жаттығуы.

Сұрақ: «Балалар, бұл тыныс алу жаттығуын не үшін жасаймыз?» (балалардың жауаптары тыңдалады).

Бір қатардан екі қатарға тұрғызу.

2) Жалпы дамыту жаттығулары

Бастапқы қалып
негізгі тұрыс, қол белде
  • 1 — басты алға; 2 — басты артқа; 3–4 — қайталау.
  • Қайталау: 3–4 рет.
Бастапқы қалып
негізгі тұрыс, қол белде
  • 1–2 — басты оңға және солға бұру; 3–4 — қайталау.
  • Қайталау: 3–4 рет.
Бастапқы қалып
негізгі тұрыс, қол саусақтары құлыпта
  • 1–4 — қолды айналдыру (шеңбер бойынша).
  • Қайталау: 3–4 рет.
Қозғалыс бағыты

Алға — жоғары — жан-жаққа.

Негізгі бөлімге өту

Балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, беткейге сатылып көтерілу және түсу әрекеттерін көрсету, ретімен орындату және бақылау.

Тәрбиеші

Жакупбекова Рымтай Кабдылхамитовна