Буылтық құрттардың түрлерімен таныстыру

Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Бұл сабақта оқушылар буылтық құрттардың негізгі тіршілік ерекшеліктерімен танысып, жұмыр құрттардың құрылысын буылтық құрттардың құрылысымен салыстырады.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі тіршілік ерекшеліктерімен таныстыру және жұмыр құрттардың құрылысын буылтық құрттардың құрылысымен салыстыру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі

Интерактивті әдіс.

Пәнаралық байланыс

  • Экология
  • География
  • Тарих

Сабақтың міндеттері

Міндеттер оқушылардың білімін тереңдетуге, ойлауын дамытуға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі екпін

Құрылымдық салыстыру, ұқсастық пен айырмашылық, пайдасы мен зияны.

Білімділік

  • Буылтық құрттар туралы түсінік қалыптастыру.
  • Буылтық құрттардың түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

  • Буылтық құрттардың жұмыр және жалпақ құрттармен ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру.
  • Дене мүшелерінің күрделене дамуын талдау.
  • Пайдасы мен зияны, таралу жолдары туралы білімді дамыту.

Тәрбиелік

  • Буылтық құрттардың өкілдерін ажырата білуге баулу.
  • Ауру тудыратын түрлерінен сақтану жолдарын үйрету.

Сабақтың көрнекілігі

Сабақ барысында түсіндіруді нақтылау және визуалды қабылдауды күшейту үшін төмендегі құралдар қолданылады.

  • Слайдтар
  • Кестелер (таблицалар)
  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу.
  2. Кезекшілердің міндетін нақтылау.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

  • «Кім жылдам?» — викториналық сұрақтар.
  • «Білгір достар» — биологиялық диктант.
  • «Білгенге маржан» — суреттермен жұмыс.

III. Жаңа сабақты таныстыру

Жаңа тақырыптың негізгі ұғымдары мен терминдері енгізіліп, буылтық құрттардың ерекшеліктері жүйелі түрде қарастырылады.

IV. Сабақты бекіту

  • 1 Семантикалық карта.
  • 2 Венн диаграммасы.
  • 3 «Сен білесің бе?» — сүліктің емдік қасиеттері.
  • 4 Терминология: терминдерді білу деңгейін тексеру.

V. Үй тапсырмасы

Тақырыпты қайталау, негізгі ұғымдарды бекіту және салыстыру кестесін аяқтау.

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай қорытынды бағалау жүргізіледі.

Автор туралы мәлімет

Өңір

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы

Мектеп

№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей

Мұғалім

I санатты биология және география пәнінің мұғалімі — Кужакова Гульмира Ахатовна