Абайдың өмірі туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың тақырыбы

Абайдың мұражай-үйі

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Абай Құнанбаев туралы алған білімдерін тереңдету.
  • Ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай-үйі туралы толық мәлімет беру.

2) Тіл дамытушылық

  • Оқушылардың сөздік қорын молайту.
  • Абай туралы бұрыннан бар білімді жаңа сабақпен ұштастыра білуге үйрету.
  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Тақырыпқа байланысты өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

  • Абай шығармаларын насихаттау.
  • Оқушылардың рухани-эстетикалық талғамын дамыту.
  • Әлемге танымал ұлы ақынның өмірімен таныстыру арқылы құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Флипчарт, бейнефильм

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Абайдың өмірі туралы түсініктерін кеңейту.

Қалыптасатын дағдылар

Мұғалімнің тапсырмасын түсініп, дұрыс орындау.

Меңгеруі керек

  • Сұрақтарды түсініп, нақты жауап бере алу.
  • Берілген тапсырмаларды өз бетінше орындай алу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Кезекшінің мәліметі.
  • Сәлемдесу.

Фонетикалық жаттығу

Берілген сөздер ішінен тек бітеу буыннан тұратын сөздерді табу:

Тапсырма
мұражай білгіш сазгер ақын өлең сөздер табиғат құрмет ойшыл халық жұрт қайраткер

Тақтадағы жұмыс (1-оқушы)

«Мағлұмат» сөзіне сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша фонологиялық талдау жасайды.

Тақтадағы жұмыс (2-оқушы)

«Қолымен» сөзіне математикалық тәсіл арқылы талдау жасайды.