Есептің жаңа түрімен таныстыру, берілген есепке кері есептер құра білу дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы
Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Кайболда Сарымолдаев
Мақсаты
- Білімділік: есептің жаңа түрімен таныстыру; берілген есепке кері есептер құра білу дағдыларын қалыптастыру.
- Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, танымын, біліктілігін, есте сақтау қабілетін және қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: таза, ұқыпты жазуға баулу; ұйымшылдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері
Сабақ түрі
Ертегі сабағы
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Көрнекілігі
- Оқулық
- Кестелер
- Суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Кезекшілердің мәліметі
- Психологиялық дайындық
Өлең жолдары
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Табыс тілеп тек қана,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген №4 тапсырма ауызша оқыту арқылы сұралып, тексеріледі.
III. «Ой шақыру» арқылы өткен сабақты бекіту
- 1 9 бен 5-тің қосындысы.
- 2 40 пен 20-ның айырмасы.
- 3 Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
- 4 Қосудың компоненттерін ата.
- 5 Азайтудың компоненттерін ата.
IV. Жаңа сабақ
Кіріспе әңгіме
Мұғалім: Балалар, біз білетін «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейікші. Ол қалай басталатын еді?
Оқушылар: (Оқушылар жауап береді.)
Мұғалім: Қараңдаршы, Бауырсақ домалап келе жатыр еді. Оның алдынан кім шықты?
Оқушылар: Қоян.
Мұғалім: Қоян Бауырсақты жеп қоюы мүмкін. Сондықтан оны құтқарып қалайық. Көмектесеміз бе?
Тапсырма: белгісіз азайтқышты тап
Теңдеулердегі белгісіз азайтқышты табыңдар.
16 − … = 8
12 − … = 7
18 − … = 9
10 − … = 5
15 − … = 7
16 − … = 8
Нұсқау: Белгісіз азайтқыш = азайғыш − айырма.