Кәсіпкерлікті дамыту

9-сынып (қыздар) Теориялық сабақ Кіріктірілген Интерактивті тақта

Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет формалары

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастыру формаларын түсіндіру және теориялық білімін қалыптастыру.

Тәрбиелік бағыты

Кәсіптік бағдар беру, еңбекке баулу, кәсіпкерліктің маңызын ұғындыру.

Дамытушылық бағыты

Ой-өрісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың рөлін түсіндіру.

Көрнекіліктер

  • Сызба, кесте, суреттер
  • Диаграмма
  • Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Әдебиет Математика Құқық Сызу

Сабақтың жүрісі

1) Ұйымдастыру

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсат-міндетін нақтылау.

2) Еске түсіру

  • Кәсіп ету туралы түсінік қандай?
  • Кәсіпкерге қойылатын талаптар қандай?
  • Кәсіпкердің міндеттері мен құқықтары қандай?
  • Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз не?

3) Жаңа сабақ жоспары

  1. 1Кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік
  2. 2Кәсіпкерлік қызмет формалары
  3. 3Кәсіпкерлікті дамыту
  4. 4Қорытынды

Кәсіпкерлік қызмет: анықтама және мысал

Анықтама

Кәсіпкерлік қызмет — тауар өндіру немесе қызмет көрсету арқылы табыс табу мақсатымен тәуекелге баратын адамның дербес іс-әрекеті.

Өмірден мысал

Ауылымыздағы жеке дүкендердің халыққа қызмет көрсетуі және кәсіп иелерінің пайда табу үшін еңбектенуі — кәсіпкерліктің дамып келе жатқанын көрсетеді. Дүкен сөрелерінде тұтыну заттары жеткілікті болып, қажетті тауарды кез келген уақытта сатып алуға мүмкіндік туады.

Негізгі байланыс

Кәсіпкерлік қызмет көбіне мына тізбек арқылы жүзеге асады:

Кәсіпкер
Кәсіпорын
Тұтынушы

Бұл тараптар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, сұраныс пен ұсыныс кәсіптің дамуына жол ашады.

Кәсіпкерліктің түрлері

Өндірістік

Өнім өндіру, технология, өндіріс процесі.

Коммерциялық

Сату-сатып алу, сауда, өткізу қызметі.

Қаржылық

Қаржыландыру, несие, инвестиция құралдары.

Делдалдық

Тараптарды байланыстыру, келісімге жеткізу.

Сақтандыру

Тәуекелді азайту, шығынды өтеу тетіктері.

Ауылымыздағы бағыттар

Ауылымызда кәсіпкерліктің коммерциялық, өндірістік және сақтандыру бағыттары жақсы дамыған.

Ескерту

Мысалдарды фото/видео материалдар арқылы бекіту ұсынылады.

Нақты мысалдар

  • Коммерциялық: дүкен иелері Күзембаев Сағат, Сағытжанов Атшыбай және т.б.
  • Өндірістік: заманауи пластик терезелер шығаратын Маңғыбаев Смақан.
  • Сақтандыру: автокөлік тасымалын сақтандыруды қолға алған Сұлтанов Бағытжан, Иманов Бақтықожа және т.б.

Кәсіпкерлікті қолдау: мемлекеттік бағдарлама

«Бизнестің жол картасы 2020»

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

Негізгі міндеттері

  1. 1Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
  2. 2Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
  3. 3Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Мемлекет Даму қоры арқылы 5% көлемінде субсидия бере алады.

Субсидия — бюджеттен берілетін қайтарымсыз қаржылай көмек.

Кәсіпкерліктің қоғамдағы рөлі

Өркениетті елдер экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі көптеген міндеттердің орындалуында кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады, соның ішінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруда да ықпалы зор.

Кәсіпкерлікті дамытудың мақсаттары мен міндеттері

Негізгі бағыттар

  • 1 Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу
  • 2 Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
  • 3 Азаматтардың еңбек белсенділігін арттыру
  • 4 Тұтыну нарығын әртүрлі тауарлармен және қызметтермен толықтыру

Байланыс моделі

1-бөлік

Кәсіпкер

2-бөлік

Тұтынушы

3-бөлік

Кәсіпорын

Өзара ықпалдастық нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, кәсіптің дамуына мүмкіндік туады.

Кәсіпорын формалары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Жеке кәсіпорын

Артықшылықтары

  • Құру оңай
  • Бақылауда ұстау жеңіл
  • Мемлекеттік реттеу салыстырмалы түрде аз

Кемшіліктері

  • Фирманы кеңейтуге қаржы табу қиын
  • Ұйымдағы жұмыстың көп бөлігі меншік иесінің өзіне жүктеледі

Серіктестік

Артықшылықтары

  • Құру оңай
  • Басқару жұмысын бөлісуге болады
  • Кеңейту үшін ірі соманы табу жеңілірек

Кемшіліктері

  • Серіктестер арасында жанжал тууы мүмкін
  • Серіктестердің бірі кетсе, құжаттарды қайта қарастыру қажет болады

Акционерлік қоғам

Артықшылықтары

  • Акция сату арқылы көп капитал жинауға болады
  • Иеленуші өзгерсе де тұрақтылық сақталады
  • Кәсіби менеджер жалдауға мүмкіндік бар

Кемшіліктері

  • Мемлекеттік реттеу қатаң
  • Ұйымдастыру және басқару шығындары жоғары

Кәсіпорынның міндетті деректемелері

Онсыз жұмыс істеуге болмайды

  • Кәсіпорын атауы
  • Мекенжайы
  • Байланыс телефоны
  • Банк деректемелері (есепшот нөмірі, банк мекенжайы)
  • Арнайы бланкілер
  • Мөр және мөртаңба
  • Салық органдарында тіркеу

Неге маңызды?

Бұл деректемелер кәсіпорынның заңды түрде қызмет етуін, есеп айырысудың дұрыс жүргізілуін және серіктестер мен тұтынушылар алдындағы жауапкершіліктің нақты болуын қамтамасыз етеді.

Бекіту: сұрақтар және тест

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. 1Кәсіпорынның қалыптасуы қалай ұйымдастырылады?
  2. 2Кәсіпкерлікті дамытуда қандай бағдарлама бекітілді?
  3. 3Субсидия дегеніміз не?

Тест сұрақтары

1) Азаматтардың пайда, өзіндік табыс алуға бағытталған дербес қызметі:

а) кәсіпкерлік    ә) бизнес    б) сауда

2) Бір адам немесе бір отбасы иелік ететін бизнес:

а) акционерлік қоғам    ә) жеке кәсіпкерлік    б) серіктестік

3) Акция сату арқылы көп капитал жинау — қай түрге тән артықшылық?

а) серіктестік    ә) акционерлік қоғам    б) жеке кәсіпкерлік

4) Бір серіктестің жұмыстан шығуы құжаттарды қайта қарауды талап етеді — қай түрге тән кемшілік?

а) серіктестік    ә) акционерлік қоғам    б) жеке кәсіпкерлік

5) Мемлекет тарапынан басқару аз — қай формаға тән артықшылық?

а) серіктестік    ә) акционерлік қоғам    б) жеке кәсіпкерлік

Қорытынды және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, талқылауға қатысуы және тест нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма

«Бизнесмен болғың келе ме?» тақырыбында мәнжазба (эссе) жазу.

Ой түйін

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң,
Еңбегің еңбектенген зая кетпес.
Мақсатқа бір жетерсің ойыңа алған.