Солтүстік Америка материгінің географиялық орны

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп
Аңсаған Қоңқабаев атындағы орта мектеп
Пән
География (7-сынып)
Мұғалім
Абилов Айдын Байжанұлы
Тақырып
Солтүстік Америка материгінің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Оқыту әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау, өздік ізденіс, СТО, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, географиялық диктант, қателермен жұмыс, «Сандар сөйлейді», АКТ қолдану

Сабақтың мақсат-міндеттері

Білімділік

Оқушыларға Солтүстік Америка материгі туралы түсінік беру, материктің айрықша ерекшеліктерін талдау. Материкті зерттеуге үлес қосқан саяхатшы-ғалымдардың еңбектерін зерделеу.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылықты арттыру, картамен және шығармашылық тапсырмалармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың өз ойын дәл әрі жүйелі жеткізуіне, топпен жұмыс істеуіне, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлауына жағдай жасау.

Тәрбиелік

Өзара сыйластық мәдениетін нығайту, әдептілік ережелерін сақтауға баулу. Білімін, білігін және дағдысын көрсете алатын, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу.

Әдістемелік жабдықталуы

Құрал-жабдықтар

  • Солтүстік Американың электронды физикалық картасы
  • Интерактивті тақта
  • Атлас, оқулық, суреттер, қосымша материалдар

Оқу құралдары

  • 7-сынып оқулығы
  • 7-сынып атласы
  • Дүние жүзінің физикалық картасы
  • Дидактикалық материалдар

Сабақ жоспары (кезеңдер)

  1. I кезең — Ұйымдастыру

    Сәлемдесу, дайындық, топқа бөлу

  2. II кезең — Үй тапсырмасын тексеру

    Ойын арқылы сұрақ-жауап

  3. III кезең — Жаңа тақырыпты түсіндіру

    Видео, мәтін, ЖИГСО, постер

  4. IV кезең — Қорытындылау

    Слайд және мұғалім қорытындысы

  5. V кезең — Бекіту

    Тапсырмалар, сұрақтар

  6. VI кезең — Бағалау

    Топтық және жеке жұмыс нәтижесі

  7. VII кезең — Үйге тапсырма

    Нұсқау және күтілетін нәтиже

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру және «Ой шақыру»

Мұғалім оқушылармен амандасады, сыныптың тазалығын және оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа сұрақ қою арқылы топ басшысы сайланады.

Ой шақыру сұрақтары:

  • География ғылымының атасы кім? География ғылымының негізі қай жерде қаланды?
  • Картографиялық проекциялар неше түрге бөлінеді? Атап шығыңыз.
  • Жер қыртысы түзілгеннен бергі уақытты қамтитын кесте қалай аталады?

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Даналық ағашы»

Мұғалім ағашқа алма пішініндегі сұрақтарды іледі. Оқушылар кезекпен «алманы» алып, өткен тақырып бойынша жауап береді. Бұл тәсіл әр оқушының білімін ойын арқылы жылдам әрі әділ бағалауға мүмкіндік береді.

№1. Орталық және Шығыс Азия құрамына кіретін мемлекеттер

ҚХР, Моңғолия, Қазақстан, Жапония, Корея, КХДР

№2. Ішкі айырмашылықтарына байланысты қалай ажыратылады?

Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия

№3. «Биік Азия» деп аталу себебі

Тибет, Памир, Қарақорым, Кунь-Лунь, Тянь-Шань тауларының осы дүние бөлігінде орналасуына байланысты

№4. Қытайды неге ежелгі мәдениет пен өркениет елі дейді?

Ұлы Қытай қорғаны, будда храмдары мен ғибадатханалары, император сарайлары, театр, өнері мен музыкасына байланысты

№5. Қытайда күріштің қанша мың сорты өсіріледі?

10 мыңнан аса

№6. Жапон аралдарында қанша жанартау бар?

Шамамен 150

III. Жаңа тақырыпты ашу

Сабақ материкті таныстыратын қысқа өлең жолдарымен басталады. Одан кейін тақырыпқа кіріспе ретінде қысқа бейнеролик көрсетіледі.

Мен өзім үшбұрышқа ұқсас жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің.

Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,

Макензи, Миссисипи суым қандай!

Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім —

Тамаша, көрген адам таңғалғандай.

Сұрақ: Бұл өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? Солтүстік Америка.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және жоспарымен таныстырады. Сабақта қолданылатын белсенді әдістер түсіндіріліп, жұмыс тәртібі нақты айтылады.

Жұмыс форматы: ЖИГСО (мозайкалық әдіс)

  • Мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі.
  • Оқушылар топта талқылайды.
  • Әр топтың баяндамашысы басқа топтарға барып, өз бөлігін түсіндіреді.
  • Хатшы негізгі ойларды қағазға түсіреді, төраға топ мүшелерінің жұмысын бақылап бағалайды.
  • Тақырып постер арқылы қорғалады.

Топтағы рөлдер:

Төраға Хатшы Баяндамашы

IV. Қорытындылау

Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинақтап, қорытынды жасайды. Солтүстік Америкаға қатысты слайдтар көрсетіліп, негізгі ұғымдар тағы бір рет айқындалады.

Нәтиже: оқушылар материктің географиялық орны, ашылу және зерттелу тарихы, сондай-ақ зерттеуші-саяхатшылардың үлесі туралы жүйелі түсінік қалыптастырады.

V. Жаңа тақырыпты бекіту

Бекіту кезеңінде тапсырмалар «Ең… ең… ең…», «Сандар сөйлейді», сондай-ақ қысқа резюме және бағыттаушы сұрақтар арқылы орындалады.

1-тапсырма: «Ең… ең… ең…»

Сұрақ

Ең ұзын әрі ең енді тау жүйесі

Сұрақ

Ең суық жері

Сұрақ

Ең ыстық жері

Сұрақ

Ең биік, ең ұзын ағашы

Ескерту: жауаптар оқушылардың карта және атласпен жұмыс істеуі арқылы дәлелденеді.

2-тапсырма: «Сандар сөйлейді»

Берілген сандардың нені білдіретінін анықтаңыз.

Сан

24,2 млн км²

Сан

500 км

Сан

18 м

Сан

+57°

3-тапсырма: Резюме

Материктің аты

________________________

Жер көлемі

________________________

Жер көлемі жөнінен орны

________________________

Материктегі мемлекеттер

________________________

Ең биік нүктесі

________________________

Бекіту сұрақтары

  • Солтүстік Америка табиғатының басты ерекшеліктері қандай?
  • Солтүстік Америка қай жарты шарда орналасқан?
  • Солтүстік Американың зерттелу тарихына қомақты үлес қосқан саяхатшыларды атаңыз.

Бағалау және кері байланыс

Оқушылардың жұмысы топтық белсенділік, дәлелді жауап және карта/атласпен жұмыс нәтижесіне қарай бағаланады. Кері байланыс INSERT стратегиясы арқылы жүргізіледі.

Қорытынды

Бүгінгі сабақта Солтүстік Америка материгінің географиялық орны, ашылу және зерттелу тарихы, сондай-ақ материкті зерттеген саяхатшы-ғалымдар туралы толық мәлімет алынды.

Кері байланыс (INSERT)

  • V — Бұны білемін
  • + — Жаңа ақпарат
  • — Келіспеймін / түзетемін
  • ? — Сұрағым бар