Естелікке апару

Тренингке қош келдіңіздер

Бүгінгі «Жағымды естеліктерді аралату» тренинг сабағына қош келдіңіздер. Тренингтен көтеріңкі көңіл-күймен шығасыздар деген ниеттеміз.

Мақсаты

Ұстаздардың көңіл-күйін сергіту, жан күйзелісін бәсеңдету және жағымды естеліктер арқылы ішкі ресурсын күшейту.

Міндеттері

  • Көңіл-күйді көтеру, эмоционалдық серпіліс беру.
  • Жылулық пен қуаныш сезімін молайту.
  • Геометриялық фигуралар арқылы тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу.

Психогеометриялық типология

Қатысушыларға төмендегі фигуралардың бірін таңдау ұсынылады: үшбұрыш, төртбұрыш, домалақ, тіктөртбұрыш, зигзаг. Таңдалған фигураға сүйене отырып, қысқаша психологиялық сипаттама беріледі.

Төртбұрыш

Ұйымдастыруға бейім, дәлдік пен тәртіпті ұнатады. Бақылауды жақсы көреді, ұқыпты, тазалықты бағалайды. Сақ, ұстамды, табанды; шешімді нақты қабылдауға тырысады. Әдетте жақын достары мен таныстарының шеңбері шағын.

тәртіп дәлдік ұқыптылық табандылық

Үшбұрыш

Көшбасшылыққа бейім, мақсатқа ұмтылады, жеңіске құмар. Өзіне сенімді, шешім қабылдауы жылдам, сезімі күшті және батыл болуы мүмкін. Қарым-қатынасы кең болғанымен, жақын ортасы көбіне шағын.

көшбасшылық мақсат батылдық шешім

Тіктөртбұрыш

Көңіл-күйі құбылмалы болуы мүмкін, өзіне сенімсіздік байқалады. Жаңа нәрсеге қызығады, өзгеріске тез бейімделеді, бірақ тұрақтылық пен жүйелілік жетіспеуі ықтимал. Дау-дамайдан қашуға бейім, ұмытшақтық байқалуы мүмкін.

өзгеріс ізденіс құбылмалылық бейімделу

Домалақ

Қарым-қатынасты жоғары бағалайды, көпшіл, кеңпейіл. Эмоционалды сезімтал, түйсігі жақсы дамыған. Әңгімелеуді ұнатады, өз пікірін дәлелдей алады. Шешім қабылдауда асықпайды; достары мен таныстары көп болады.

эмпатия көпшілдік сезімталдық ынтымақ

Зигзаг

Көңіл-күйі өзгеріске бейім, білімге құштар. Түйсігі жақсы дамыған, идеяға бай, арманшыл және болашаққа ұмтылады. Жаңашылдықты жақсы көреді, бірақ қағазбастылықты ұнатпауы мүмкін. Ойын-сауыққа бейімділік пен қаржыға немқұрайлық байқалуы ықтимал.

шығармашылық жаңашылдық интуиция еркіндік

«Адам – Ағаш – Үй» әдістемесі

Нұсқаулық және құралдар

Қатысушыларға «Адам – Ағаш – Үй» суретін салу ұсынылады. Қажетті құралдар: ақ парақ, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

Жалпы интерпретация: егер бірінші болып ағаш салынса — өмірлік энергия маңызды; ал бірінші үй салынса — қауіпсіздік алдыңғы орынға шығуы мүмкін.

Үй: белгілердің мағынасы

  • Ескі үй — өз-өзіне қатынасты білдіруі мүмкін.
  • Алыс үй — өзін шеттетілгендей сезіну.
  • Жақын салынған үй — ашықтық.
  • Үй жоспары — ішкі қақтығыс/ұрыс белгісі болуы ықтимал.
  • Артқы дуал — өзін-өзі бақылауға ұмтылу.

Есік, терезе, шатыр

Есік

  • Есіктің жоқтығы — өз-өзін ашуда қиындық.
  • Есіктің артта/жанында болуы — бір нәрседен қашу үрдісі.
  • Кішкентай есік — шешім қабылдауда қиналу.
  • Үлкен құлып — тұйықтық.

Терезе

  • Үйдің артында салынса — тұлғааралық қарым-қатынасқа қарсылық.
  • Ашық терезе — мінездің турашылдығы.
  • Жабық терезе — уайымшылдық.

Шатыр

  • Өте қалың шатыр — мазасыздық/дабыл.
  • Жұқа шатыр — қиялдың күштілігі.

Ағаш және орта элементтері

  • Ағаш — әртүрлі тұлғалық қырларды сипаттауы мүмкін.
  • Жол — өзгелермен байланысқа ұмтылу.
  • Күн — беделді тұлға символы.
  • Ауа райы — ішкі уайымды көрсетуі ықтимал.

Түс таңдауы және «Адам» бейнесі

Түс

  • Түсті ұзақ таңдаса — ішкі кернеудің белгісі болуы мүмкін.
  • Қара — оптимизмнен қорқу немесе жұмбақтылық.
  • Жасыл — тепе-теңдікке ұмтылу.

Адам

  • Үлкен бас — өзін жоғары бағалау.
  • Кішкентай бас — интеллектуалдық сенімсіздік белгісі болуы мүмкін.
  • Кішкентай иық — өзін қажетсіз сезіну.
  • Квадрат дене — ер мінезділік.
  • Бет сызықтарының айқындалуы — сыртқы келбетке алаңдау.

Құлақ және көз

  • Өте үлкен құлақ — есту галлюцинациялары болуы мүмкін деген болжам айтылады.
  • Өте кішкентай құлақ — сын-пікірді қабылдауға ұмтылу.
  • Ұзын кірпік — тәлпіштік.
  • Үлкен көз — дөрекілік байқалуы мүмкін.
  • Кішкентай көз — өз-өзіне тұйықталу.

Ескерту: бұл түсіндірмелер тренинг форматындағы жалпы бағдар ретінде беріледі; нақты қорытынды кәсіби диагностиканы алмастырмайды.

Ситуациялық сұрақтар

Ситуациялық сұрақтар арқылы қатысушылардың әртүрлі жағдайдан қалай шығатыны, қандай құндылыққа сүйенетіні байқалады. Төмендегі сұрақтарды талқылауға немесе қысқаша жауап беруге болады.

  • Алдыңыздан үлкен сарай шықса, не істер едіңіз?
  • Романтикалық махаббатқа көзқарасыңыз қандай?
  • Көңіл-күйіңіз бұзылса, әдетте не істейсіз?
  • Бастық жұмысыңызды әділетсіз бағаласа, әрекетіңіз қандай?
  • Көңілді ортада жүргенді ұнатасыз, егер...
  • Жолдасыңыздың рұқсатынсыз кофеге барып, алдыңыздан жарыңыз шықса, не істейсіз?
  • Адамдар мінезіңізді «жақсы» деп есептемесе, әрекетіңіз қандай?
  • Ең жақын досыңыз алдап кетсе, не істейсіз?
  • Көңіл-күйіңіз көбіне неге және кімге байланысты?
  • Ұраныңыз қағидаңызға қарсы келсе, қандай шешім қабылдайсыз?
  • «Әйел кісіге үйренген көптік қыла ма?» деген пікірге көзқарасыңыз?
  • «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» мақалы туралы ойыңыз?
  • Балаларыңыз сізді қаншалықты жақсы көреді деп ойлайсыз?
  • Жан-жарыңыз күтпеген сыйлық жасаса, әрекетіңіз қандай?
  • Үлкен тойға шақыру келсе, не істейсіз?
  • Асыңыз дәмді болуы үшін қандай әрекет жасайсыз?
  • Оқушыңыз теледидардан сізге білдірмей сәлем жолдаса, сезіміңіз қандай?
  • Өзіңізге адамдарды қаратуды қаншалықты қалайсыз?

«Жағымды естеліктерді аралату» жаттығуы

Бұл бөлімде босаңсу, тынысқа назар аудару және жағымды естелікті белсендіру арқылы ішкі ресурсты күшейту ұсынылады.

1) Дене қалпы және назар

  1. 1Ыңғайлы отырыңыз: ыңғайлы отырған сайын дене жеңіл босаңсиды.
  2. 2Назарды отырысыңызға аударыңыз: арқаңыз орындыққа қалай тіреліп тұр?
  3. 3Қол мен аяқтың жанасуын сезініңіз. Алақаныңыздағы жылулыққа назар аударыңыз.
  4. 4Табандарыңыздың аяқ киімге немесе еденге қалай тіреліп тұрғанын сезіңіз.

2) Тыныс және бет бұлшықеттері

  1. 1Назарды кеудеге аударыңыз: дем алғанда кеуде көтеріледі, кеңейеді.
  2. 2Дем шығарғанда кеуде төмендеп, босаңсиды. Әр дем шығарған сайын босаңсу арта түседі.
  3. 3Бетті босаңсытыңыз: ерін, ұрт, көз айналасы бұлшықеттеріне назар аударыңыз.
  4. 4Көзіңізді жұмсаңыз да, жұмбасаңыз да болады. Жұмылған көз жағымды образдарды елестетуді жеңілдетуі мүмкін.

3) Дыбыстарды қабылдау

Бөлмеде әртүрлі дыбыс болуы мүмкін (терезедегі шу, адамдардың дауысы, көліктің дыбысы). Сол дыбыстардың бәрін өзіңізге бейтарап немесе жағымды фон ретінде қабылдауға болады.

Егер жүргізушінің сөзі сіздің ішкі образдарыңызға сай келмесе, оны «өзен суы тасты айналып өткендей» өткізіп жіберуге болады.

4) Естелікке ену

Енді өзіңізге ең жағымды, ең жылы естелікті таңдаңыз. Ол естелік сізге қандай маусымда, тәуліктің қай уақытында, қандай жағдайда болғанын нақтылау міндетті емес.

Сол естеліктің дыбыстарын, иістерін, мүмкін дәмін, айналадағы адамдарды (бар болса) байқаңыз. Естеліктің «тіріліп», айқындала түсуіне мүмкіндік беріңіз.

Осы естелікте өзіңізге қажет уақыт көлемінде болыңыз. Бұл жағымды ресурс сізге маңызды мәселені шешуде көмектесуі мүмкін.

Пауза

1–2 минут тыныштық сақтауға болады.

Содан соң біртіндеп қалыпты күйге оралыңыз. Транс күйінен шыққанда өзіңізді жеңіл, тыныққан күйде сезінуіңіз мүмкін. Қажет болса, осы ресурсты кейін де еске түсіріп, қайта қолдана аласыз.

Ойын: «Ыстық лебіз»

Мақсаты

Ұстаздардың көңіл-күйін көтеру, қолдау мен жылылық сезімін күшейту.

Ережесі

Қатысушылар екі қатарға тұрады. Ортадан бір ұстаз көзін жұмып өтеді. Екі жақта тұрған ұстаздар өтіп бара жатқан әріптесіне жылы тілектерін, қолдау сөздерін айтады.

Қорытындылау

Сабақ соңында қатысушылардан тренингтен алған әсерлері сұралады: тренингке дейінгі көңіл-күйі қандай болды, ал қазір қандай өзгеріс байқады. Әр ұстаз өз пікірін қысқаша бөліседі.

Авторлық мәлімет

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, «Достық» жалпы орта мектебі (КММ)
Педагог-психолог: Джандарова Нагима Курбановна