Отбасы жайлы әңгімелету
Сабақтың тақырыбы
Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері (сөйлем).
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Көрнекілік
Көрнекіліктер
Суреттер, үй мүліктерінің суреттері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды үй мүліктерімен таныстырып, олардың қолданылуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Баланың сөздік қорын, тіл байлығын және үй мүлкі туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды сыныптастарын сыйлауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
- Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындау.
- Партада дұрыс отыруын қадағалау.
II. Өткенді қайталау
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдары мен түсініктерін пысықтау. Отбасы туралы әңгімелету.
Сергіту сәті
Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киіп,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
III. Жаңа сабақ
Кіріспе әңгіме
Мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, үйлеріңде қандай үй мүліктері бар? Атап көрейік.»
Оқушылардың ықтимал жауаптары: үстел, сөре, шкаф, теледидар және т.б.
Жұмбақтар
-
Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар.Жауабы: орындық
-
Сырты жаз, іші қыс.
Бұл не?Жауабы: тоңазытқыш
-
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.Жауабы: сандық
Оқулықпен жұмыс
- Оқулықтағы суреттермен таныстыру (мысалы: диван, сөре).
- Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату.
- Мазмұнды сурет бойынша әңгіме жүргізу: олар не үшін қолданылады?
- Әр сөйлемде қанша сөз барын анықтату.
- Әр сөздегі дыбыс пен буын санын талдату.
Дәптермен жұмыс
- Дәптердегі суреттерді бояу.
- Дәптердің 5-бетіндегі тапсырмаларды орындау.
- Жазу жұмысы кезінде саусақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар орындау.
IV. Сабақты қорытындылау
- Әр оқушы өзі күнделікті тұтынатын үй мүліктері туралы қысқаша әңгімелейді.
- Мұғалімнің көмегімен оқушылар өздері құраған сөйлемдердің сызбасын жасайды.
V. Үй тапсырмасы
Суреттермен жұмыс жасау.
VI. Бағалау және мадақтау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіліп, белсенді оқушылар мадақталады.