Жорға VII тур
Білімді мыңды жығар!
Білім — бәсекеде алға бастайтын күш. Бүгінгі сайыс сабағы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, өздігінен ізденуге және білімдерін жүйелеуге бағытталады.
Мақсаты
- Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Өздігінен ізденуге бағыттау.
- Білімдерін жинақтауға және қорытынды жасауға баулу.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Сайыс сабақ
- Сабақтың әдісі
- Жарыс түрінде
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Бағалау
- Әр дұрыс жауап — 10 ұпай
Өтілу барысы
«Асыл тастан, өнер жастан шығады» — халық даналығы бекер айтылмаған. Абай атамыздың ойларындай, өмірдің өзі — сайыс, өзі — ойын. Бүгін гимназиямыздың математика пәнінен алғыр оқушылары күш сынасып, білім деңгейін көрсетеді.
Шақыру
Келіңдер, жарысуға — күш, өнер, білімменен алысуға!
Бар өнерді салайық ортамызға — қане, кім шығады сайысуға?
Ендеше, сайыскерлерімізді ортаға шақырып, сайысымызды бастайық!