Ежелгі Қытай мәдениеті
Үй тапсырмасын тексеру: Ежелгі Қытай
Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі. Мақсат — өткен тақырыпты жүйелеу, негізгі ұғымдарды нақтылау және тарихи себеп-салдар байланыстарын түсіндіру.
Негізгі сұрақтар
- Жібек қай ғасырдан бастап өндірілді? Ол қалай жасалды?
- Неліктен ол сауда бағыты Ұлы Жібек жолы деп аталды?
- Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қашан құрылды?
- Цинь Ши Хуанди кім? Ол қандай өзгерістер енгізді?
- Ұлы Қытай қорғаны туралы не білесіз?
- Ежелгі Қытайда ауыл шаруашылығы қалай дамыды?
- Қытай билеушілері батысқа қарай басқыншылық жорықтарды не үшін жүргізді? Қай аумақтарды басып алды?
- Қытайдағы еңбекші халықтың жағдайы неліктен нашарлады?
- Ван Ман кім? Ол қандай реформалар жасауға тырысты?
- «Қызыл қастылар» және «Сары орамалдылар» көтерілістері туралы не білесіз?
- Қытайдағы ең ірі өзенді картадан көрсетіңіз.
Жаңа сабақ: Ежелгі Қытай мәдениеті
Сабақтың өзегі — мәдени мұра: жазу мен әдебиет, ойшылдар еңбегі, тарихнама, сондай-ақ ғылым мен өнертабыстардың қоғам дамуына ықпалы.
Ой қозғау
«Білемін — Білгім келеді — Үйрендім» тәсілі арқылы тақырыпқа бағыт-бағдар беріледі.
Мағынаны тану
- Жазуы мен әдебиеті
- Кун-Фуцзы (Конфуций) — ежелгі Қытайдың ұлы ойшылы
- Сыма Цянь — «Қытай тарихының атасы»
- Ғылыми білімдері мен өнертабыстары
Пысықтау: «Көкпар» ойыны
Оқушылар ұпай жинау арқылы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар деңгейіне қарай күрделенеді.
20 ұпай
Негізгі ұғымдар- Қытай жазуының ерекшелігі неде? Ол қалай жазылады?
- Кун-Фуцзыдың өмірі туралы не білесіз?
- Кун-Фуцзы мен оның үш шәкірті туралы әңгімеде қандай оқиға баяндалады?
30 ұпай
Тұлғалар мен дерек- Сыма Сянжу кім?
- Сыма Цянь туралы не білесіз? Ол қандай еңбек жазды?
- Бейнематериал бойынша сұрақ.
40 ұпай
Ғылым мен білім- Қытайдағы жұлдызнамашылық және географиялық білімдер туралы не білесіз?
- Бейнематериал бойынша сұрақ.
- Қытайлықтардың өнертабыстары туралы не білесіз?
50 ұпай
Тереңдету- Бейнематериал бойынша сұрақ.
- Қағаз қалай дайындалады?
- Путонхуа деген не?
Қосымша мәліметтер: Қытай туралы қысқаша деректер
Қытай Халық Республикасы Азия құрлығының шығысында, Тынық мұхитының батыс жағалауында орналасқан. Тарихы терең, халқы көп ірі мемлекет.
Географиясы мен аумағы
- Аумағы: 9 600 000 км² (жер көлемі бойынша әлемде 3-орын).
- Аралдары: 7600-ден асады.
- Ең ірі арал: Тайвань (35 798 км²).
- Көршілері: құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен шектеседі.
Әкімшілік құрылымы
- 23 провинция
- 5 ұлттық автономиялы өңір
- 4 орталыққа тікелей бағынатын қала
- 2 ерекше әкімшілік аудан
Халқы мен құрамы
- 56 ұлттан тұрады.
- Халық саны: 1,3 млрд.
- Этникалық қытайлар: шамамен 92%.
Астанасы және тіл
- Астанасы: Бейжің.
- Путонхуа: Қытай халқы қолданатын ортақ әдеби тіл нормасына негізделген стандартты тіл.
Материалды таныстыру
Қосымша ақпарат слайд арқылы көрсетіліп, негізгі деректер қысқаша талқыланады.
Бекіту және қорытынды
Ассоциация
«Ежелгі Қытай мәдениеті» тақырыбы бойынша қандай мәлімет алдыңыздар? Негізгі ұғымдарды атаңыздар: жазу, ойшылдар, тарихнама, ғылым, өнертабыс.
Тапсырма
«Ежелгі Қытай мәдениеті» тақырыбы бойынша қосымша материалдармен жұмыс жасап, қысқаша қорытынды дайындаңыздар.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, белсенділігі және тапсырманы орындау сапасы бойынша білімдері бағаланады.