Өздігімен тест орындау

Алғыс сөз

Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты — ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінетін, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Мемлекеттік негізгі бағдарламада қазақ тілі пәніне аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат қарастырылған. Оқулық авторлары: Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова. Басылым: «Алматыкітап», 2009 жыл.

Қосымша көмекші әдістемелік бағдарламаның тақырыптары негізгі мемлекеттік бағдарлама мазмұнын қайталайды. Вариативті (баламалы) сағат есебінен 2-сынып оқушыларының бір тарау бойынша білімін кеңейту көзделеді.

Бағдарламаның мазмұны мен бағыты

Бағдарлама «Мәтін туралы түсінік» тақырыбын меңгерту арқылы оқушылардың өздігінен әңгіме құрастыра алуын, сондай-ақ «Сөйлем» тақырыптарын қамтиды. Тақырыптар ауызша және жазбаша түрде берілгенде, оқушылардың ойлауы мен ұғымының қалыптасуы жазу үстіндегі әрекеттерімен байланысып, жүйеленеді.

Қосымша көмекші әдістемелік бағдарламаға аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат бөлінеді. Сабақтар негізгі бағдарламаға арналған оқулықтағы мәтіндер мен жаттығулар аясында жүргізіледі.

Сабақты меңгертуде еркін әрі жеңілдетілген тәсілдер қолданылады. Шығармашылық жұмысқа ерекше назар аударылады: шағын шығарма жазу, сюжет бойынша әңгіме құрастыру, мәтін құрастыру, өлең жаттау барысында зейінді дамыту, жұмбақ құрастыру, төрт жолдық өлең шығару сияқты жұмыстар жоспарланады.

Вариативті (баламалы) бағдарламада ауызша сөйлеуге басымдық беріледі. Сабақта негізінен мәтінмен жұмысқа уақыт бөлініп, оқушының өздігінен сөйлем құрастыруына және ойды көркем өрнектеуіне жағдай жасалады.

Курстың басты мақсаты

Қазақ тілі оқыту курсының басты мақсаты — алғашқы тілдік мағлұматтарды және сөйлем түрлерін меңгерген, сауатты жазу мен оқуға дағдыланған, интеллектісі мен шығармашылығы дамыған, қатысымдық біліктілігі қалыптасқан, алған тілдік білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алатын жеке тұлғаның қалыптасуына және дамуына мүмкіндік жасау.

Курстың басты міндеттері

  • Сөйлем мен мәтін туралы қарапайымнан күрделірек ұғым қалыптастырып, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Орфографиялық дағдыларды қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгерту.
  • Ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Мәтінмен жүйелі жұмыс

Бағдарламада мәтінмен жүйелі түрде жұмыс жүргізу көзделген. Мәтінмен жұмыс, бір жағынан, оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізі болса, екінші жағынан, тілдің лексикалық және грамматикалық қыр-сырын жан-жақты талдап, жинақтай білуіне мүмкіндік береді.

Оқушыларды айтылған пікірдің эмоциялық (сезімдік) және тұжырымдамалық мазмұнын дұрыс қабылдауға үйрету маңызды. Сондай-ақ жалпы сөйлеу тонын, қарқынын, дауыс күшін және басқа да белгілерді мәтінді түсінуге қызмет ететін дағдылар ретінде қалыптастырып, дамыту қажет.

Тақырыптық жоспар (34 сағат)

I тоқсан — 9 сағат

Бөлім: Мәтін туралы түсінік

Сабақ тақырыбы Сағат Міндетті деңгей Мүмкіндік деңгей
1 Мәтінге ат қою 1 3–4 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру, ауызша мазмұндау Сурет бойынша мәтін құрастыру; 2-жаттығу; мәтінді дауыс ырғағымен оқу
2 Мәтіннің құрылымы 1 Мәтіннің аяқталғанын/аяқталмағанын анықтау Мәтін құрылымын нақтылау
3 Мәтіннің түрлері 1 Мәтін түрлерін ажырату Әр түрге 2–3 сөйлемнен мәтін құрастыру
4 Әңгімелеу мәтіні 1 Сюжетті сурет бойынша 2–4 сөйлемнен әңгіме құрастыру Екі мәтінді салыстыру; мәтінге ат қою
5 Әңгімелеу мәтіні 1 Еркін тақырыпқа әңгіме құрастыру Мәтін түрлеріне 2–3 сөйлемнен мәтін құрастыру
6 Сюжет бойынша әңгіме құрастыру 1 Әңгімеге жоспар құрастыру Сюжет бойынша әңгіме құрастыру
7 Сипаттау мәтіні 1 Сипаттау мәтініне тапсырмалар орындау Белгілі бір затқа сипаттама беру
8 Сипаттау мәтіні 1 Сипаттау мәтінін құрастыру Деңгейлік тапсырмалар орындау
9 Қорытынды. Тест 1 «Мәтін» тақырыбы бойынша тест орындау Өздігінен орындау

II тоқсан — 7 сағат

Бөлім: Мәтін және шығарма жұмысы

Сабақ тақырыбы Сағат Міндетті деңгей Мүмкіндік деңгей
10 Пайымдау мәтіні 1 Оқу құралдары туралы 4 жолдық өлең құрастыру Жануарлар мен өсімдіктерге байланысты жұмбақ құрастыру
11 Пайымдау мәтіні 1 «Кітап» тақырыбына мәтін құрастыру Мәтіндер ішінен пайымдау мәтінін табу
12 Мәтінге жоспар жасау 1 Мәтінге жоспар жасай алу Жоспар бойынша мәтін құрастыру
13 Шығарма жазып үйренеміз 1 Ойды жүйелі жеткізу Эпиграф туралы түсінік
14 Шығарма жазып үйренеміз 1 Жоспар бойынша шығарма жазу Эпиграф жазу және авторлар қолдануын талқылау
15 Шығарма: «Қыс» 1 Қыс бейнесі бойынша шығарма жазу Эпиграфты орынды қолдану
16 Қорытынды. Тест 1 Тарау бойынша тест Өздігінен орындау
17 Сөйлем туралы түсінік 1 Сөз бен сөйлемнің айырмашылығын ажырату 2–4 сөзден сөйлем құрастыру

III тоқсан — 10 сағат

Бөлім: Сөйлемнің түрлері және сауаттылық

Сабақ тақырыбы Сағат Міндетті деңгей Мүмкіндік деңгей
18 Сөйлемнің түрлері 1 Сөйлем түрлерін ажырату Сурет бойынша сөйлем құрастыру
19 Хабарлы сөйлем 1 Сурет бойынша қысқаша мәтін құрап жазу Шашыраңқы сөздерден хабарлы сөйлем құрастыру
20 Хабарлы сөйлем 1 Жаттығу жұмыстарын орындау Деңгейлік тапсырмалар; мақал-мәтелдің жалғасын табу; аяқталған ойды білдіретін сөйлемді анықтау
21 Сұраулы сөйлем 1 Тиісті тыныс белгілерін қою Мәтін ішінен сұраулы сөйлемдерді табу
22 Сұраулы сөйлем 1 Сызба бойынша сөйлем құрап жазу Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру; жаттығулар; деңгейлік тапсырмалар
23 Лепті сөйлем 1 Лепті сөйлемі бар әңгіме құрастыру Өлең ішінен лепті сөйлемді табу
24 Лепті сөйлем 1 Жаттығу жұмыстарын орындау Деңгейлік тапсырмалар; сөйлемді лепті сөйлемге айналдыру
25 Білімді тиянақтау. Тест 1 Тарау бойынша тест Өздігінен орындау
26 Бақылау диктанты 1 Сауаттылық деңгейін тексеру

IV тоқсан — 8 сағат

Бөлім: Сөйлем құрылысы және сөздердің байланысы

Сабақ тақырыбы Сағат Міндетті деңгей Мүмкіндік деңгей
27 Жалаң сөйлем 1 Анықтаманы түсіну; жаттығу жұмыстарын орындау Өтірік өлеңді оқу және жазу
28 Жалаң сөйлем 1 Мақал-мәтелдерді жаттау Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру
29 Жайылма сөйлем 1 Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру Жаттығу жұмыстарын орындау
30 Жайылма сөйлем 1 Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыру Деңгейлік тапсырмалар орындау
31 Сөйлемдегі сөздердің байланысы 1 Берілген сөздерден сөйлем құрастыру Сызба бойынша сөздерге сұрақ қою
32 Сөйлемдегі сөздердің байланысы 1 Сурет бойынша сөйлем құрастыру Сөйлемдегі сөздерді сызба арқылы көрсету; берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру
33 Білімді тиянақтау. Тест 1 Тарау бойынша тест Өздігінен орындау
34 Жылдық бақылау диктанты 1 Жыл бойы өткен тақырыптар бойынша білімді тексеру Тапсырмаларды өздігінен орындау

Жалпы көлемі: 34 сағат.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақ тілі. 2-сыныпқа арналған оқулық. Балтабаева Ж. Қ., Солтанғазина М. Қ., Лекерова Ф. С. — Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2009. — 240 бет.
  2. Қазақ тілі дидактикалық материал. Балтабаева Ж. 2-сынып. — Алматы: «Алматыкітап», 2009.
  3. Әдістемелік нұсқау хат. Ғылыми-зерттеу институты: С. Д. Мұқанова, Қ. Л. Қабдолова, Ш. Ш. Карбаева. — Астана, 2010–2011 оқу жылы.
  4. Қазақ тілі бағдарламасы (2–4 сыныптар). — Алматы: РОНД, 2003. — 28 б. (Г. И. Уәйісова, Р. О. Ізғұттынова, Ә. Е. Жұмабаева).