Мәтін кейіпкері туралы мәлімет беру
Мақсаты
Оқу дағдысы
Оқушылардың мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуына назар аудару, мәтін кейіпкері туралы толық мәлімет беру.
Даму
Ой-өрісті, қиялды, есте сақтауды, шығармашылық қабілетті дамыту; сөздік қорды кеңейтіп, тіл байлығын молайту.
Тәрбие
Қазақтың әйгілі тұлғаларымен таныстыру, олардың өмір жолын үлгі ете отырып тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
КіріспеОқушыларды сабаққа жұмылдыру, сыныптағы оқу ахуалын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау және бағалау
Қайталау1. С. Мұқановтың «Батылдық» әңгімесін оқу; мазмұнын түсіндіру; автордың өмірімен танысу.
2. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
3. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлік бойынша мазмұнын сұрау:
- I. Қамбадағы оқиға
- II. Балуан бала
- III. Қасқырмен болған айқас
- IV. Жауды жеңген балуан
Өткен сабақты қорытындылау: «Айлалы батыр алдырмас.»
III. Негізгі бөлім
Жаңа тақырып1. Жаңа сөздермен жұмыс.
2. Мәтін кейіпкері туралы мәлімет беру.
3. Мәтінмен жұмыс: түсіндіру, оқыту, сұрақтар қою, соңындағы тапсырмаларды орындау.
4. «Кім болам?» тақырыбында пікір алмасу.
IV. Қорытынды
РефлексияТ. Әубәкіровтің ерліктері сенде қандай көңіл күй туғызды?
V. Үй тапсырмасы
Жалғастыру- Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
- Ғарышкер ағаға арнап өлең шығару немесе эссе жазу.
VI. Бағалау
Қорытынды бағалауСабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалау.