Жұпта талқылау стратегиясы

Сабақ жоспары Әдебиет Абай

Бұл жазбада Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне құрылған жаңа сабақтың құрылымы ұсынылады. Жоспардың мақсаты — оқушының білімін тереңдету, ойлауын дамыту және оқу мен өздігінен ізденуге деген ынтасын ояту.

Тақырыбы

Абай. «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Жұмыс форматы

Жұппен, жеке, топпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Абай Құнанбаевтың портреті
  • Отбасының фото-суреттері
  • Мақал-мәтелдер жинағы
  • Үнтаспа (аудио)

Мақсаты

  • Білімділік Оқушыларды өлеңмен таныстыру, негізгі ойды ашу.
  • Дамытушылық Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту; байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік Оқуға құлшынысты ояту, өз бетінше білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Жылы атмосфера

Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқушылар үлкен шеңбер құрып, саусақпен орындалатын қысқа жаттығу жасайды. Әр сөйлемді кезекпен айтып, жақсы тілек білдіреді:

  • Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін.
  • Мен бүгін саған жақсылық тілеймін.
  • Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін.

II. Ой қозғау

Еске түсіру

Оқу, білім, ғылым тақырыбына үндейтін қандай шығармаларды оқығанымызды еске түсіреміз. Топтық тапсырмалар:

1-топ

І. Жансүгіров — «Күн шыққанда» (жатқа айту)

2-топ

Ы. Алтынсарин — «Кел, балалар, оқылық» (жатқа айту)

3-топ

«Жақсы іске не жатады?» (мысал келтіру, дәлелдеу)

4-топ

«Жаман іске нелер жатады?» (талқылау, қорытындылау)

III. Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ шешіп, тігінен шыққан сөзді оқимыз: «Абай».

  1. 1 Өлең жазатын адам кім?
  2. 2 «Батыл», «ер» сөздеріне мағынасы жуық сөз?
  3. 3 Республикамыздың бас қаласы?
  4. 4 Түнде аспанда не шығады?

IV. Мағынаны тану

Талдау

Сұрақ: Абай кім?

Жұпта талқылаймыз: әр оқушы өз білетінін қағазға түсіреді, көршісімен бөліседі, жаңа ақпарат жинап, оны бұрынғы білімімен байланыстырады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалып, өлеңнің идеялық өзегі мен тәрбиелік мәні айқындалады.

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Оқушылар өлеңді іштей оқиды.
  • INSEPT стратегиясы бойынша белгі қояды: V — білемін, — білмеймін, + — мені ойландырды, ? — мені таңқалдырды.

Сөздік жұмысы

бекер мал шашу өсек талап қанағат рақым

Өлеңді талдау сұрақтары

  • Біз бұл өлең туралы нені білеміз?
  • Өлеңнен қандай жаңалық аштым?
  • Маған не түсініксіз болды?

V. Дәптермен жұмыс

Жазылым

Оқушылар дәптерге тапсырмаларды орындайды және Абайдың өлеңіндегі ұғымдарды жүйелейді:

Тірек сөздер

«Абай ата сөздері»

Құндылықтар

«Бес асыл іс»

Кедергілер

«Бес дұшпан»

VI. Мақал-мәтел жарысы

Сайыс

Білім, еңбек, талап тақырыбына сай мақал-мәтелдер айтып, мағынасын қысқаша түсіндіреміз. Мақсат — ойды нақты жеткізу және тіл байлығын дамыту.

VII. Ой толғаныс

Шығармашылық

«Бес жолды өлең» әдісімен ғылым ұғымын сипаттаймыз:

Не?
Ғылым
Қандай?
Қызықты, қиын
Не істеді?
Үйренді, ашты, оқыды
Не үшін?
Сырын білу үшін
Синоним
Білім

VIII. Үй тапсырмасы

Қайталау
  • 30-бет: 6-тапсырманы орындау.
  • Сызбаны дәптерге толтыру: бойымдағы ұнамды және ұнамсыз қылықтар.
  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

IX. Бағалау

Қорытынды

Оқушының сабаққа қатысуы, талқылаудағы белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және шығармашылық жұмысы бойынша бағалау жүргізіледі.