Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог
Әдебиеттік оқу
«Егінші мен қасқыр» (Литва ертегісі)
Білімдерін дамыту
Аралас
Сабақтың мақсаты
«Ас атасы — нан» ұғымын ертегі мазмұны арқылы түсіндіру: нанның адам өміріндегі ең маңызды тағам екенін, оның оңайлықпен келмейтінін ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер
- Нанды құрметтеуге және ысырап етпеуге дағдыланады.
- Еңбекқор болудың мәнін түсінеді.
- Маман иелерінің еңбегін бағалай білуге үйренеді.
Сабақтың міндеттері
Шығармашылық арқылы дамыту
Оқушылар өмірден алған білімдері мен түсініктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы жетілдіреді.
Қабілет пен дүниетанымды кеңейту
Шығармашылық қабілеті шыңдалып, дүниетанымы кеңейеді.
Құндылықтарға тәрбиелеу
Нанды ысырап етпеуге, еңбекқор болуға және әр маман иесінің еңбегін қадірлеуге үйренеді.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдістер
Дереккөздер мен көрнекіліктер
- Ғаламтордан алынған материалдар, нұсқаулық.
- Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты слайдтар.
- Плакаттар, стикерлер.
Сабақ барысы
Білу
10 минут
Мұғалімнің әрекеті
- Дәнді дақылдардың суреттері арқылы оқушыларды 4 топқа бөледі.
- Үй тапсырмасын «Автор орындығы» әдісімен тексереді: әр топтан бір оқушы эссе оқиды.
- «Адамның жақсы және жаман қасиеттері» туралы мақал-мәтел айтуды ұйымдастырады.
- Жаңа сабақтың тақырыбын таныстырады: «Егінші мен қасқыр» (Литва ертегісі).
- Ой қозғайды: «Ертегі деген не? Түрлері қандай? Қандай ертегілерді білесіңдер?»
- Диалог сұрақтарын қояды: «Дастарқанға ең бірінші не қоямыз? Неге нан қасиетті? Нан дастарқанға қалай келеді?»
Оқушының әрекеті
- Суреттер арқылы топтарға бөлінеді: 1-топ — бидай, 2-топ — арпа, 3-топ — жүгері, 4-топ — тары.
- Өткен сабақты еске түсіріп, эссе оқиды.
- Мақал-мәтел айтады, мұғаліммен диалогқа қатысады.
Түсіну
5 минут
Ертегіні іштей оқиды және рөлдерге бөліп дауыстап оқуды орындайды.
Қолдану
10 минут
Сергіту сәті
«Бауырсақ» ертегісі бойынша қысқа сергіту тапсырмасы орындалады.
Тапсырма: реттілікті дұрыс құрастыр
Сөздерді істің орындалу ретіне қарай орналастырады және топтар «аялдама» арқылы бір-бірінің жұмысын тексереді:
- Тұқымды әзірлеу
- Жер жырту
- Тұқым себу
- Тырмалау
- Жайқалған егін
- Егін жинау
Талдау
5 минут
1-топ
- Рөл: диқан
- Аудитория: жер
- Форма: алғыс хат
- Тақырып: мол өнім алғаны үшін
2-топ
- Рөл: бидай
- Аудитория: арамшөп
- Форма: хат
- Тақырып: көрген қорлық туралы
3-топ
- Рөл: нан
- Аудитория: адам
- Форма: өтініш хат
- Тақырып: жерге шашылған нан туралы
4-топ
- Рөл: бидай
- Аудитория: жаңбыр
- Форма: хат
- Тақырып: шөлдеу
Жинақтау
10 минут
«Нанды құрметтеу ережелері» тақырыбында әр оқушы өз ережелерін жеке жазып шығады.
Бағалау және кері байланыс
3 минут
Кері байланыс
Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы екі жағымды пікір және бір ұсыныс айтады.
Бағалау
Топ басшысы бағалау қорытындысын жариялайды.
Үй тапсырмасы
2 минут
- Ертегіні оқу.
- Дәнді дақылдардың пайдасы туралы ізденіп келу.
- «Дүниедегі ең дәмді ас» тақырыбына эссе жазу.