Биші қызды сәйкесінше безендіру
Сабақ жоспары
Сабаннан құрамақ жасау
Бұл сабақта оқушылар сабан түрлерімен танысып, табиғи материалдан әртүрлі мүсіндер жасаудың негізгі тәсілдерін меңгереді. Оқу барысында түсініп оқуға дағдыланып, ойлау қабілетін дамытып, еңбектенуге тәрбиеленеді.
Мақсаты
- Сабан түрлерін ажырату, одан мүсін жасауға үйрету
- Түсініп оқуға дағдыландыру
- Ойлауын дамыту, еңбектене білуге тәрбиелеу
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі
Суреттер, дайын үлгілер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, жұмыс орнының дайындығын тексеру.
II. Өткенді қорыту
Суреттерді талдату және өмірмен байланыстыра пікір айту.
- Ағаш бүршіктерінен мүсіндерді қалай жасаймыз?
- Әр оқушы өзі жасаған мүсінге қысқаша сипаттама береді.
III. Мақсат қою кезеңі
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
IV. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
- Іштей оқу
- Тізбектей оқу
- Жеке-жеке оқу
Мүсін өнері туралы қысқаша түсінік беріп, оқушылардың білімін кеңейту. Сабаннан жасалатын мүсіндер жайлы әңгіме жүргізу.
Балалармен бірлесе отырып сабаннан мүсіндердің қарапайым үлгілерін жасау, суреттер арқылы идея ұсыну және талдау.
V. Практикалық жұмыс: “Биші қыз” мүсінін жасау
- 1 Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу.
- 2 Сабан будасын ортасынан иіп бүгу.
- 3 Иілген жерден 2–3 см төменірек жерін жіппен байлау (бас бөлімі).
- 4 Қолдары мен аяқтарын сәйкесінше жіппен буу.
- 5 Мүсінді безендіру (көз, мұрын, ауыз және т.б.).
VI. Түсінгендерін тексеру
- Сабаннан тағы қандай бұйымдар жасауға болады?
- Сабаннан жасалған мүсіндерді қалай безендіруге болады?
VII. Бекіту
Суретке қарап әңгімелеу, сұрақтарға жауап беру.
Мүсін тек саздан, гипстен, ермексаздан ғана емес, табиғи материалдардан да жасалатынын меңгерту.
VIII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жұмыстың ұқыптылығы және шығармашылық шешімдері бойынша бағалау.
IX. Үй тапсырмасы
“Менің сүйікті кейіпкерім” тақырыбына сабаннан мүсін жасап келу.
Автор туралы
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №17 И. И. Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясы еңбек пәнінің мұғалімі — Қылышбаева Раушан.