Төрт түлік туралы жырлар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні мен сыныбы
Әдебиеттік оқу, 3-сынып.
Мектеп және мұғалім
Жалпы білім беретін «Өркен» орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Мағданова Ақсәуле.
Сабақ тақырыбы
«Төрт түлік туралы жырлар»: «Торы құлын», «Сиыр», «Қой», «Ешкі».
Сілтеме: оқулық.
Мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Оқушылар төрт түліктің түрлерімен танысып, оның пайдасы мен ерекшелігін түсінеді және әр түлікті бір-бірінен ажырата алады.
Білімділік
- Төрт түлік пен төл атауларын меңгерту.
- Төрт түлік туралы түсінікті кеңейту.
- Сабақ барысында сөздік қорды молайту.
Дамытушылық
- Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
- Төрт түліктің пайдасы туралы білімді толықтыру.
- Тіл байлығын, ой-өрісті, іскерлік дағдыларды және шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік
- Төрт түлікке құрмет сезімін қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштікке баулу.
- Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар төрт түліктің түрлерін, пірлерін, пайдасын және дыбысталуын біледі; ақпарат жинақтап, өз ойын жүйелі жеткізе алады.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Түйінді идея
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірін тыңдау және пікір алмасу мәдениетін қалыптастырады.
Әдіс-тәсілдер
Қолданылатын ресурстар
- Интерактивті тақта
- Төрт түліктің суреттері
- Таратпа тапсырмалар
- Ойын түрлері
Сабақ барысы (қысқаша жоспар)
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын жинақтау, оқушыларды орындарына отырғызу.
- Сабаққа назар аударту үшін қысқа шумақ айту:
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
Үй тапсырмасын тексеру
«Бесік жыры» өлеңін 1 оқушыдан жатқа сұрау.
«Кім жылдам?» сұрақтары
- Өлеңде анасы баласын қалай жұбатады?
- Бесіктің қандай пайдасы бар?
- Анасы баласының кім болғанын қалайды?
- Бесік жырын қай уақытта айтады?
- «Көп қиыннан өтерсің» деген жолды қалай түсінесіңдер?
Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ: көбейту кестесіне негізделген өрнектердің мәнін табу арқылы жасырынған сөзді анықтау.
Жетекші сұрақ:
Төрт түлікке нелер жатады? Олар қандай жануарлар?
Жаңа материалды түсіндіру
«Ойлан, бірік, бөліс» (топтық жұмыс)
- Өз тобыңдағы түліктің пайдасын жаз: одан не алынады?
- Қалай дыбыстайды?
- Пірін ата.
- Төлін ата.
- Қалай шақырады?
- Топ болып жайылуын қалай атайды?
- Одан алынатын тағамдар мен сусындарды ата.
- Мақал жаз.
Маңызды анықтамалар
Малды шақыру сөздері
- Түйе
- «көс-көс»
- Жылқы
- «құрау-құрау»
- Сиыр
- «ахау-ахау»
- Қой
- «пұшайт-пұшайт»
- Ешкі
- «шөре-шөре»
Төрт түліктің пірлері
- Жылқы
- Қамбар ата
- Түйе
- Ойсылқара
- Сиыр
- Зеңгі баба
- Қой
- Шопан ата
- Ешкі
- Сексек ата
Мақал-мәтелдер
Тақырыпты бекітуге арналған
- Түйе атасы — нар.
- Ат — адамның қанаты.
-
Мал бақсаң — сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан. -
Мал өсірсең — қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір. - Ешкілі қой өрлеген.
Бағалау және кері байланыс
- «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалау.
- «Нақты жауап» айдары бойынша қысқа, дәл жауап беруге үйрету.
- Топтық жұмыс нәтижесін талқылау.
Кейінгі тапсырмалар
- Өлең/мәтінді жаттау.
- Сурет салу.
- Қосымша ақпарат жинау.