Оқушыларды жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру
Сабақтың мақсаты мен ұйымдастыруы
Бұл тәрбие сағаты оқушыларды жолда жүру ережелерімен және жол белгілерімен таныстыруға бағытталған. Негізгі мақсат — бағдаршамның қызметін түсіндіру, жол ережелері мен белгілерін есте сақтап, қауіпсіз жүріп-тұру дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Көрініс көрсету, сұрақ–жауап.
Көрнекіліктер
Бағдаршам, жол белгілері, жол белгілері туралы өлеңдер.
Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
- Құрал-жабдықтарын тексеру, назарын сабаққа аудару.
Қатысушылар
Екі жүргізуші және сынып оқушылары.
Кейіпкерлер
Аю, Түлкі, Қоян — бетперде киген балалар.
Қонақ
Ақ халатты дәрігер апай.
Көрініс: тәртіп пен сақтық туралы ой
1-жүргізуші (Сабит)
«Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай бәрін білмей басылармыз.
Жол жүру ережесін сақтай білер,
Тәртіп пен сақтық сүйер — жас ұланбыз.»
2-жүргізуші (Аружан)
«Қымбатты балалар, бүгінгі тәрбие сағатына ақ халатты абзал жан — дәрігер апай келіп отыр.»
«Кішіге де, үлкенге де, жасыңа да, кәріңе де —
Жәрдемін беретін адамның бәріне.
Шипагер апамыз біз үшін әбігер,
Себебі ол кісі — білікті дәрігер.»
Балалар құрметпен қол соғады.
Сахналық сәт
Осы кезде басы ақ шүберекпен оралған Қонжық кіріп келеді.
1-жүргізуші (Сабит)
«Апай, қараңыз мына баланы: аты — Қонжық, өзі жаралы екен.»
Дәрігер (Гүлназ)
«Қонжығым, не болды? Неліктен көгала бас-көзің?»
Дәрігер Қонжықтың басын байлайды.
Қонжық (Батырхан)
«Шынымды айтайын. Балаңыз байқамай құлап қалды. Көлікке жармасып, тәтті бал тасыған еді… Содан Жасұлан басынан жарақат алды.»
Дәрігер (Гүлназ)
«Қарныңды қампиту арман болыпты-ау, Қонжық. Сол үшін ережені бұзғансың.»
Қонжық (Батырхан)
«Дәрігер, ұрлық та, тентектік те жасамаймын. Жасыл шам жанбаса, жолдан да өтпеймін!»
Көрініс жалғасады
Ортаға Қоян құлағын ұстап, ал Түлкі ақсаңдай басып келеді.
Түлкі (Айдана)
«Екеуіміз жүгіріп ойнадық, қуыспақ.»
Қоян (Аружан)
«Аулада шап беріп, қу ұстап алмақшы болды.»
Түлкі (Айдана)
«Қоян көшеге зып беріп жөнелді.»
Қоян (Аружан)
«Аула тар болған соң қайтейін…»
Түлкі (Айдана)
«Қоянды қуа берем деп, өзім аяқтан жарақат алып, ақсақ болып қалдым.»
Қоян (Аружан)
«Машинаның алдынан жүгіріп өттім. Құлағым темірге ілініп қалыпты…»
Дәрігер (Гүлназ)
«Құлаққа да, аяққа да жағатын дәрі табылады. Бірақ ереже білмесең, емханаға жиі барасың.»
«Мыналарды тезірек емханаға жеткізейік. Балалар, көрдіңіздер ме: мұның бәрі — тәртіп бұзып, жол ережесін білмегендіктен болды.»
Дәрігер жануарларды ертіп, орындарына апарады.
Сұрақ–жауап: жол белгілері және бағдаршам
2-жүргізуші (Аружан)
«Ендеше, жолда жүру тәртібін бірге үйренейік. Арамызда мұны жақсы білетіндер бар ма?»
«Алғашқы сұрақ: жол белгілері неше түрге бөлінеді?»
Жауаптар (жол белгілерінің түрлері)
- Бағдаршам.
- Сақтандыру белгісі.
- Ескерту белгісі.
- Тыйым салу белгісі.
- Міндеттеу белгісі.
- Нұсқау белгісі.
Бағдаршам
«Менің атым — Бағдаршам,
Маған назар аударсаң.
Жолдан өтіп жүрерсің,
Аман-есен әрқашан.»