Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақыралық

Кіріспе

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы Бестерек орта мектебі. Сценарийді әзірлеген: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Ақтаева Бақыт Абайқызы.

Сценарий Жаңа жыл кеші Мектеп мерекесі

«Қош келдің, Жаңа жыл!» кешінің басталуы

Музыкалық кіріспе

Ән орындалады. Балалар аудан әкімімен бірге шыршаны айналады.

1-жүргізуші

Барлық жанды бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!

2-жүргізуші

Говорят, что в Новый год
Что ни пожелается —
Все всегда произойдет,
Все всегда сбывается.

Қонақтарды құттықтау

1-жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Сегодня мы радостно приветствуем вас. Всем гостям, пришедшим сюда, мы говорим: «С Новым годом! С Новым счастьем!»

2-жүргізуші: Балалар, сендерді Жаңа жылмен құттықтауға Ақжар ауданының әкімі Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы келіп отыр. Сөз кезегін құрметті қонағымызға берейік.

Ертегі желісі: Алтын балықтың ғажабы

Кулиса сыртындағы дауыс

Жил старик со своею старухою у самого синего моря. И жили они в ветхой землянке ровно 30 лет и 3 года... Но однажды у них появилась золотая рыбка: человеческим голосом говорила и любое желание исполняла.

Алтын балық

Старик, старик, хватит спать! Новый год на носу, а у вас праздником даже и не пахнет.

Шал

И то верно, рыбка золотая. А нельзя ли нам елочку в землянку — красивую, нарядную, и чтобы свету вокруг побольше?

Кемпірдің тілегі

Кемпір: Телевизор, как назло, сломался… Хоть бы Новый год по-человечески отметить.

Шал: Давай попросим рыбку золотую, чтобы исправила наш телевизор.

Алтын балық: Телевизор — не в моей власти. Но с программой вам помочь попытаюсь. Сидите и ждите — будет вам новогодняя программа.

Клоундар және ойын-сауық бөлімі

Клоундардың сәлемдесуі

1-клоун: Армысыздар, халайық!

2-клоун: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ме?

2-клоун: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық. (Хоровод №1)

Ойындар бағдарламасы

Ойын 1: «Хохотунья»

Қатысушылар үлкен шеңберге тұрады. Ортада жүргізуші (Аяз ата) орамалын жоғары лақтырады: орамал ауада тұрғанда бәрі қатты күледі, жерге түскенде — тына қалады. Кім күлкісін ұстай алмаса, фант береді (ән, тақпақ, т.б.).

Ойын 2: «Ұлпа қиыршықтары»

Саяқымазақтар мақтадан жасалған қар ұлпаларын бірнеше оқушыға ұсынады. Әр ойыншы ұлпаны жерге түсірмей үрлеуі керек. Кім жоғарырақ үрлесе — жеңімпаз.

Ойын 3: «Музыкалық конкурс»

Командалар «В лесу родилась елочка» әнін орындайды, бірақ сөздердің орнына «гав-гав», «мяу-мяу», «кря-кря» деп айтады.

Шал мен кемпірдің әзіл-қағысы

Көрермен көңілін көтеретін шағын диалог арқылы шал мен кемпір балалардың ойындарына қосылып, мерекенің қызығына араласады.

Аяз ата мен Ақшақардың келуі

Шақыру сәті

Даладан бубенцылардың сыңғыры естіледі. Аяз ата мен Ақшақар сахнаға Қоянды жетектеп кіреді.

Аяз ата

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға, бүлдіршін балаларға — бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем жырларың!
Шаршап келдім алыстан — балалармен амандасайын.

Ақшақар

Я — Снегурочка.
А сегодня вместе с вами
Я встречаю Новый год.

Шырша шамын жағу

Ақшақар: Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз бірге: «Шырша жан, шамдарыңды жарқырат!» — деп айтайық.

Барлығы айқайлайды. Шырша шамдары жанады. Хоровод №2 орындалады.

Жаңа жылға санаулы сәт

Совсем немного времени осталось старому году. Новый год уже на пороге — мектеп те, ұстаздар да, оқушылар да өткен жылды қорытындылап, жаңа үмітке қадам басады.

Ескі жыл мен Жаңа жылдың ауысуы

Жаңа жыл (Ұлу) сахнаға шығады

Ұлу: Құрметтеріңізге рақмет. Шын жүректен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Байқаймын, бәріңіз де мерекеге жақсы дайындалғансыздар.

1-жүргізуші: Иә, барша бала Жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.

Ескі жыл — Қоян

Жасампаз заман — бұл заман,
Бүгіннен ертең — ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.

Жаңа жыл — Ұлу

Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр — салтымыз.

Қоштасу

Қоян: Аяз ата, Ақшақар, балалар, мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!

Балалардың өнері, сыйлықтар және марапаттау

Өнер көрсету бөлімі

Ақшақар: Кәне, балалар, енді бар өнерлеріңді ортаға салыңдар. Аяз ата шаршағанын бассын.

Аяз ата: Әкелген базарлығым бар. Сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын.

Балалар ән айтып, би билеп, тақпақтар оқиды.

Сыйлық тарату

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмай, әрі қарай самғасын. Ақшақар, сыйлықтарды балаларға үлестірейік.

2-жүргізуші: Балалар, сендерге Ағзам Ахметжанұлының әкелген сыйлықтары бар. Қабыл алыңдар!

Марапаттау рәсімі

Ендігі кезек марапаттау сәтіне де келді. Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Балалар марапатталады.

Қорытынды хоровод және би

2-клоун: Күштерің әлі бар ма? Шаршаған жоқсыңдар ма? Онда бәріміз бірге ән айтайық! (Хоровод №3)

Қоштасу және тілек

Аяз ата мен Ақшақардың қоштасуы

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша! Бәрің — таланттысыңдар. Менің әлі баратын жерім көп. Келесі Жаңа жылда жолыққанша, сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар. Аман-есен болыңдар. Әр таңды қуанышпен қарсы алыңдар!

Балалар хормен: «Сау бол, Аяз ата! Сау бол, Ақшақар!»

2-жүргізуші

И в этот час душевного прощанья
Всем дорогим и милым нам друзьям
Мы говорим: «До нового свиданья,
До новых встреч, желаем счастья вам!»

1-жүргізуші

Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда —
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып, Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

Соңғы тілек

2-жүргізуші: Вот и бал наш новогодний нам заканчивать пора. Счастья, радости, успехов всем желаю, детвора. Новый год нам радость и веселье принесет! С Новым годом! С новым счастьем! С добрым утром, Новый год!

Іс-шара құрылымы (қысқаша)

  1. Кіріспе сөз, құттықтау
  2. Ертегі желісі: алтын балық
  3. Клоундар, ойындар, хоровод
  4. Аяз ата, Ақшақар, шырша шамын жағу
  5. Ескі жыл мен Жаңа жылдың ауысуы
  6. Өнер көрсету, сыйлық, марапаттау