Біз жол апатының алдын алу үшін үгіт - насихат жүргізіп жүрген балғын жол инспекторлармыз

Балғын жол инспекторларының үгіт-насихат бағдарламасы

Бұл бағдарлама оқушыларды жол ережесін жетік білуге, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтауға үндеуге арналған.

Мақсаты

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру және жауапкершілікті арттыру.

Көрнекілігі

  • Жол белгілері
  • Бағдаршам
  • Поезд үлгісі
  • Ән әуендері

Кіріспе хабарландыру

Аян: Құрметті жолаушылар! Тассуат ауылынан шыққан «Жол ережесін сақтау» үгіт-насихат поезі Кен орта мектебіне келіп тоқтайды. Жолда абай болыңыздар.

Ән ( «Птица счастья» әуенімен )

Армысыздар, асыл достарым,

Бүгінгі күн есте сақталсын.

Кен мектебіне келіп отырмыз,

Жарқайыңнан жалынды сәлем!

Неге бұл бастама маңызды?

Әділ: Армысыздар, бармысыздар, Кен ауылының тұрғындары! Біз — жол апатының алдын алу үшін үгіт-насихат жүргізіп жүрген балғын жол инспекторларымыз. Біздің мақсатымыз — жол апатын азайту, ел болашағының өмірін сақтау және әр азаматтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Аян: Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымен сіздерге үнпарақтар таратамыз.

Жол белгілерінің негізгі 4 тобы

Ханшайым: Жолда абай болу үшін мына төрт негізгі белгіні есте сақтаңыздар!

1) Ескерту белгісі

Дина: (Суретін көрсетеді)

Асылхан:

Қып-қызыл үшбұрыш — ескерту белгісі,

«Қауіптен сақ бол!» деп сәт сапар тілейді.

Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те —

Ескерту белгіні сақтаған, қолдаған.

2) Тыйым салу белгісі

Толқын: (Суретін көрсетеді)

Дастан:

Қызылмен боялған шеңбері — аумақты,

Тыйымшыл, қатал, салмақты.

Бұл тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге,

Қауіп бар — жан-жағыңа көз сал мұқиятты.

3) Анықтама белгісі

Ұлпан: (Суретін көрсетеді)

Санжар:

Белгі ол көрсетер жылдамдық, бағытты,

Міндетті бұрылыс — әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрады жолыңда,

Абай бол — шарттарын міндетті орында.

4) Нұсқау белгісі

Райхан: (Суретін көрсетеді)

Әділ:

Барар жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрады.

Күндіз де, түнде де от болып жанады —

Көк түске боялған төртбұрыш, шырағым.

Аян: Төрт топтан құралған белгілер туыстай — жол сілтеп тұрады ұрыссыз, у-шуcыз. Олар зор міндет атқарады. Балалар, ұмытпай есте сақтаңдар!

Дастан: Құрметті жаяу жүргіншілер мен жас жүргізушілер, осы төрт белгіні есіңізде ұстасаңыздар, қауіптің алдын алуға көмектеседі.

«Бағдаршам» сұрақ-жауап ойыны

Аян: Негізгі төрт белгіні білдіңіздер. Енді «Бағдаршам» сұрақ-жауап ойынын ойнайық.

  1. Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
  2. Бағдаршамның неше түрі болады?
  3. Бағдаршам жарықтарының қызметін түсіндіріп бере аласыздар ма?

Өте тамаша — жол ережесін жақсы біледі екенсіздер!

Ән: «Бағдаршам» ( «Бозжорға» әуенімен )

Көреген, дәу, қырағы —

Көшемізде тұрады.

Оның аты — Бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Көшедегі халыққа —

Бағдаршам, бағдаршам.

Ашса кезек үш көзі,

Айтты деп ұқ үш сөзі:

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып,

Бағдаршам, бағдаршам.

Жол ережесі — ортақ заң

Аян: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, қай сананың өлшеміне салсаңыз да, жол жүру ережесі — заңды тәртіп. Ол — үлкен-кіші баршаға ортақ.

Бәрі:

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз.

Ән ( «Атамекен» әуенімен )

Көшеде біз сақ болайық, жас достар,

Қаймықпасын ата-анамыз біз үшін.

Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым,

Жас ұландар атына сай болайық.

Жолда жүру әліппесін

Білген жөн ғой бес саусақтай,

Сонда ғана жүре аласың

Өзіңді аман сақтап.

Бүгінгідей мерекеде, достар-ау,

Айтар ән де, айтар ой да көп әлі де.

Ережені кел, екеуміз бірігіп,

Қайта-қайта қайталап жаттайық.

Қорытынды үндеу

Аян: Құрметті жолаушылар! «Жол ережесін сақтайық» үгіт-насихат поезі қозғалысқа дайын. Жолда абай болыңыздар!