Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырмаларды орындау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
2-сынып
Сабақтың тақырыбы
Етістік
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес, шығармашылық бағыттағы сабақ
Принциптері
- Бірізділік
- Жүйелілік
- Ғылымилық
Әдістері
- Қорытындылау
- Сұрақ-жауап
- Тест
- Ойындар
Көрнекілігі
- Слайдтар
- Сюжетті суреттер
- Жауап парақтары
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушылардың етістік туралы білімдерін дамыту және қорытындылау; сөйлемнен етістікті табу, етістіктің түрлерін ажырата білуге бағытталған тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық
Зейінді, шығармашылық белсенділікті арттыру; білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқытуды өмірмен байланыстыру; шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Анаға да сіз,
Балаға да сіз.
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
С тобы
«Аналардың жүрегін аялайық» шығармалары бойынша бір айналым сөйлесу.
Б тобы
Сурет бойынша құрастырған мәтіндерімен бір айналым сөйлесу.
А тобы
Жұппен бір-бірін тексеру.
3) Бекіту жаттығулары
«Бинго» ойыны
Сұрақтарға жауап беру арқылы білімді пысықтау.
- Зат есім деген не?
- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?
- «Кім? Кімдер?» сұрақтары қай кезде қойылады?
- «Не? Нелер?» сұрақтары қай кезде қойылады?
- Етістік деген не?
- Зат есімнің жекеше түрі деген не?
- Зат есімнің көпше түрі деген не?
Дәптермен жұмыс
- Күннің атын жазу.
- Үлгі бойынша тапсырманы орындау.
Ассоциация құрастыру
«Ана» сөзін естігенде ойға қандай сөздер келеді? Оқушылар ауызша айтып, қысқаша тізім жасайды.
Топтық тапсырмалар
1-топ: Жалқы және жалпы есім
Ішкі шеңберге жалқы есімдерді, сыртқы шеңберге жалпы есімдерді жазыңдар.
2-топ: Өлең құрастыру
Өлең жолдарын толықтырып, етістіктерді тауып, екі сызықпен белгілеңдер.
Анамызды сыйлаймыз,
…………………… тыңдаймыз,
…………………………………………
…………………… боламыз.
3-топ: «Х» кестесі
Берілген сөздерді «зат есім» және «етістік» топтарына бөліңдер.
4-топ: Сәйкестендіру тесті
Жануарлар мен олардың дыбыстауын сәйкестендіріңдер.