Сын есімнің сұрақтарын жаз
Сабақтың тақырыбы
Сын есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты
- Сын есім туралы алған білімді пысықтау және түрлі тапсырма мен жаттығулар арқылы бекіту.
- Тапсырмалар орындау барысында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
- Сөздік қорды молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру және шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
- Абайдың табиғат лирикасынан сын есімдерді табу арқылы жыл мезгілдері туралы түсінікті кеңейту.
Көрнекіліктер
Тірек сызбалар, Абай өлеңдерінің жинағы, суреттер, үнтаспа, тест, семантикалық карта.
Түрі және әдіс-тәсілдері
Қайталау сабағы. Шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, жұптық жұмыс, СТО элементтері.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Поэзия минуты: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау.
II. Кіріспе бөлім
Сабақ мақсатымен таныстыру. Сабақ «Ақылды балдырған» ойыны форматында өтеді: сын есім бойынша төрт жыл бойы алған білімді жинақтап, бекітеміз.
Ойын шарты
Ойын бірнеше айналымнан тұрады. Әр айналымда өз тапсырмасы беріледі.
Негізгі бөлім: айналымдар
1-айналым: Сын есім бойынша тест
Уақыты: 3 минут-
1) Сын есім дегеніміз не?
- а)Заттың сынын, түрін, түсін, сапасын, дәмін білдіреді.
- ә)Заттың түрін, атын, түсін білдіреді.
- б)Заттың көлемін, атын, қимылын білдіреді.
-
2) Қарсы мәндес сын есімді тап.
- а)жақсы — жаман
- ә)биік, жоғары
- б)сұлу, әдемі
-
3) Сын есімнің сұрақтарын жаз.
1) ____________________2) ____________________ -
4) Күрделі сын есімге мысал келтір.
__________________________________________________ -
5) Мына қарсы мәнді сын есімдердің сыңарын жаз.
Ащы — __________Қатты — __________Жақсы — __________
2-айналым: Абайдың табиғат лирикасынан сын есімдерді табу
«Жаз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерінен сын есімдерді анықтау.
Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық аяз, боран — бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң болмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
3-айналым: Мәтінмен жұмыс
Мәтіндегі сын есімдерді тауып, оларды дара және күрделі түрлеріне ажырату.
Наурызым қорығы қарағайлы орман мен далалы аймақтың шағын көлдерін сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи музей десе де болады. Бұл қорықта қызыл жемсаулы қаз, дуадақ, аққұр секілді құстар, қызыл түлкі, қара көк күзен, ақ сары суыр секілді жануарлар мекендейді.
Қосымша
Қорықтар туралы шағын әңгіме жүргізу.
4-айналым: Жұмбақ және мақал-мәтел
Топпен жұмыс: сын есімі бар мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды айтып, жарысу.
Жұмбақ
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тісі бар.
Аң патшасы болатындай,
Тұла бойында тасыған күші бар.
Күжірейген жалды — білсең, айт бұл аңды.
Жауабы: арыстан.
Мақал-мәтелдер
- Жақсы кісі жығылса, жаман адам табалар.
- Тілі тәтті, діні қатты.
- Сабыр түбі — сары алтын.
5-айналым: Семантикалық карта
Берілген мысалдарды дара, күрделі, қарсы мәнді түрлеріне жіктеу.
| Мысалдар | Дара | Күрделі | Қарсы мәнді |
|---|---|---|---|
| Торы | □ | □ | □ |
| Ұзын | □ | □ | □ |
| Ажарлы | □ | □ | □ |
| Ұзын — қысқа | □ | □ | □ |
| Әдепті | □ | □ | □ |
| Үлкен — кіші | □ | □ | □ |
| Түп-тұнық | □ | □ | □ |
| Қара көк | □ | □ | □ |
| Қызыл қоңыр | □ | □ | □ |
| Ақ түтек | □ | □ | □ |
| Жақсы — жаман | □ | □ | □ |
6-айналым: Қорытындылау
«Сын есім» ұғымына топтастыру жасау арқылы сабақты қорытындылау.
Негізгі ұғым
СЫН ЕСІМ
Оқушылармен бірге анықтама, сұрақтары, түрлері, мағыналық топтары және мысалдары бойынша кластер құру.
Бағалау
Оқушылардың айналымдардағы белсенділігі мен жауаптарының дәлдігі бойынша білімін бағалау.
Үй тапсырмасы
«Сын есім» сөзіне ребус құрастыру.