Кілт қай қорапта

Тақырып

Болашақ бүгіннен басталады

Мақсаты

Логикалық ойлауды, танымдық белсенділікті және түсініктерді дамыту; шығармашылық қабілетті қалыптастыру; ұжымшылдыққа және ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, суреттер, қораптар.

Өтілу барысы

I. Кіріспе

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Болашақ бүгіннен басталады» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Ел болашағын ойлау, халықты білімді әрі салауатты өмір салтына бағыттау туралы ойлар өзектілігін ешқашан жоғалтпайды. Қазақ халқы — тумысынан дарынды, алғыр халық. Сан ғасырлық тарихын жадына сақтап, ерлік жырларын жүрегінде жаттап, бүгінгі күнге жеткізу — кез келген жұрттың қолынан келе бермейді.

Есте сақтау қабілеті мықты, зерделі ата-бабаларымызды «көне компьютерлер» десек, артық айтқандық емес. Демек, мұндай халықтың ұрпағы қазіргі заман технологиясын да оңай меңгереді.

Ендеше, ортаға математика пәнін сүйетін болашақ математиктерді және «болашақ компьютерлерді» шақырамыз!

Сайыс құрылымы

  • Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
  • Әр кезең бойынша ұпай беріледі.
  • Көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

1-кезең: «Ең зерек»

1-тапсырма: 12 сөзді есте сақта

Жүргізуші 12 сөзді екі рет оқиды. Міндет — есте сақтап, дәптерге жазу. Ретімен жазу міндетті емес. Уақыт: 3 минут. Әр дұрыс сөзге 1 ұпай.

Берілетін сөздер

  • мұғалім
  • шығару
  • көбейту
  • артық
  • қосу
  • есе кем
  • азайту
  • периметр
  • шаршы
  • өрнек
  • теңдеу
  • аудан

2-тапсырма: Үтірдің орнын тап

Әлібек математикадан «2» алып, мұғалімінен журналға қоймауын өтінеді. Мұғалім: «Сөйлемдегі тыныс белгіні дұрыс қойсаң, кешіруім мүмкін» дейді.

Сөйлем

Екі қою керек емес кешіру

Мақсат — «екі» қойдырмау үшін үтірді дұрыс орналастыру. Дұрыс жауап: 3 ұпай.

2-кезең: «Кім тапқыр?»

1-тапсырма: Қатесін тап

Қатені тауып, дұрыс нұсқасын жазыңдар. Әр дұрыс түзетілген сөйлемге 1 ұпай.

А)

Ауданды табу үшін ұзындығын еніне бөлеміз.

Ә)

1 км 10 см-ге тең.

Б)

Шаршының барлық қабырғасы тең емес.

2-тапсырма: «Кітап — білім айнасы»

Кім көп оқыса, соның сауаты артады, білімі молаяды. «Кітап — білім айнасы» деген сөз бекер емес. Берілген ребусты шешсеңдер, кітаптың атауы шығады. Сол кітаптан қысқаша үзінді айтып беріңдер.

Бағалау

Тапсырма 6 ұпаймен есептеледі.

Біз ең жауапты да маңызды бөлімге келдік. «Математика — барлық ғылымдардың патшасы» деген сөздің жаны бар: есепсіз өмірді елестету қиын.

3-кезең: «Барлық ғылымдардың патшасы»

1-тапсырма: Жауабын тап

А)

Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын санды тап. (Мысал: 2+2=4, 2×2=4)

Ә)

Туристердің ішінде 6 шетелдік бар: 3-еуі ағылшынша, 2-еуі французша сөйлейді. Нешеуі екі тілде сөйлейді? (Жауабы: 1)

Б)

Аулада торайлар мен тауықтар жүр. Басы — 5, аяғы — 14. Торай нешеу, тауық нешеу? (Жауабы: 2 торай — 8 аяқ, 3 тауық — 6 аяқ)

2-тапсырма: «Сандар мен спортшылар»

Әр спортшы белгілі бір санға тең. Әрқайсысының қай сан екенін анықтаңдар. Тапсырма 6 ұпаймен есептеледі.

Мерген

4

Шаңғышы

2

Хоккейші

6

Теннисші

3

3-тапсырма: «Кім жылдам?»

Әр цифрдың арасына амал таңбаларын қойып, теңдікті дұрыс етіңдер.

5 5 5 5 = 4

5 5 5 5 = 5

5 5 5 5 = 6

5 5 5 5 = 7

4-тапсырма: «Бөлікке бөл»

Үш сызық жүргізу арқылы суреттегі заттарды бөліңдер. Әр бөлікте бір суреттен ғана қалуы керек.

5-тапсырма: «Алтын кілт» логикалық есебі

Үш қорап бар: қызыл, көк, жасыл. Жазулардың барлығы қате. Нақтысында: бір қорапта алтын кілт, біреуі бос, біреуінде улы жылан бар. Кілт қай қорапта?

1-қорап (қызыл)

«Мұнда алтын кілт жатыр»

2-қорап (көк)

«Жасыл қорап бос»

3-қорап (жасыл)

«Мұнда улы жылан жатыр»

Жауабы

Алтын кілт — жасыл қорапта.

6-тапсырма: «Ертегі есеп»

Атай шанамен балық аулап келе жатып, жолда өліп жатқан түлкіні көреді. «Кемпіріме жаға болатын болды» деп қуанып, түлкіні шанаға салып алады. Бірақ түлкі өлі емес еді: ол балықтарды біртіндеп лақтырып отырып, 7 минуттан соң өзі де түсіп қалады.

Шарт

1-минутта — 1 балық, кейін — 2 балық, одан соң әр минут сайын екі еселеп (2 есе) лақтыра береді. 7 минуттан соң түлкі түсіп қалады. Қу түлкі неше балық алып қалды?

Есептеу

1 мин
1
2 мин
2
3 мин
4
4 мин
8
5 мин
16
6 мин
32
7 мин
64

Барлығы: 1 + 2 + 4 + 8 + 16 + 32 + 64 = 127 балық.

Көрермендерге сұрақтар

  1. Ең қысқа ай.
  2. Орнынан қозғалмайды, бірақ «жүреді».
  3. Ең кішкентай геометриялық фигура.
  4. Екі таңбалы, цифрлары әр түрлі, басын төмен қаратсаң да өзгермейтін сан.
  5. Онда 10 см бар.
  6. Мұрынның астында тұрады.
  7. Одан балапан шығады.

5-кезең: «Ашық сұрақтар»

Енді қатысушылар әділқазылар қойған сұрақтарға қаншалықты жылдам жауап бере алатынын байқаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қосылады.

Қорытынды

Әділқазылар алқасынан сайыс нәтижесін жариялауды сұраймыз.

Атақ

Ең үздік математик

Атақ

Зерек математик

Атақ

Алғыр математик