Қалың қар бөгеті

Сабақтың тақырыбы

Міржақып Дулатов — «Қыс»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік беру, мәтін мазмұнын ашу, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп, өз көзқарасын дәлелді түрде білдіруге үйрету.

Тәрбиелік

Табиғатты қорғауға және оған қамқор болуға баулу; достыққа адал болуға, жаман әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.

Құрал-жабдықтар мен әдістер

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Слайдтар
  • Үлестірме қағаздар

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Түсіндіру

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Назар аударту

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, досым!
Қайырлы күн болсын!
Сәрсенбі күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!

II. Үй жұмысы

  • Тест жұмысын тексеру.
  • Отан, туған ел туралы өлеңдер айту.

III. Өткенді пысықтау

Сұрақ 1

Балалар, біз өткен сабақта қандай тараумен таныстық?

«Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем».

Сұрақ 2

Ол тарау не туралы айтылған?

Тарауда Отан, туған жер туралы сөз болады.

Сұрақ 3

Қандай ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстық?

  • Жүсіпбек Аймауытов — «Қартқожаның туған жері»
  • Жақан Смақов — «Отан»
  • Сәкен Жүнісов — «Кімнің мекені жақсы»
  • Өтебай Тұрманжанов — «Туған өлкем»

IV. Ой қозғау

Оқушыларға слайдтар арқылы қыс көріністері көрсетіледі. Суреттерге сүйеніп, қыс мезгіліне тән белгілерді атайды.

V. Жаңа сабақ

1) Жұмбақтар арқылы сөзжұмбақ шешу

Жұмбақ 1

Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.

Жауабы: қар

Жұмбақ 2

Есіктен кіреді еңкейіп, төрге шығады қампайып.

Жауабы: аяз

Жұмбақ 3

Отқа жанбас, суға батпас.

Жауабы: мұз

Нәтиже

Кілт сөздер: қар, аяз, мұз.

2) Дыбыстық жаттығу

Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқыңдар:

Мұ — ұз Қа — ар

Көз алдыңа не елестеді? Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады? Қыс.

3) Сабақтың негізгі сұрақтары

  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Қыс мезгілінің қандай қызықтары бар?
  • Қыс кезіндегі тіршілік қандай болады?

4) Автор туралы мәлімет

Міржақып Дулатов (1885–1935)

Міржақып Дулатов қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданына қарасты Қызылбел ауылында дүниеге келген. Ол — Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ақыны және жазушы. «Оян, қазақ!» атты еңбектің авторы. 1910 жылы жарық көрген «Бақытсыз Жамал» — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі.

Бүгін біз жазушының «Қыс» әңгімесімен танысамыз.

5) Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді мұғалім дауыстап оқиды.
  • Оқушылар оқып, мазмұнын талдайды.
  • Мағынасы түсіндіріліп, ой бөлісу ұйымдастырылады.

6) Сөздікпен жұмыс

Сөз
Түсіндірме
Бапсыз
Жайсыз, қолайсыз
Бек қиын
Өте қиын
Жалтаң аяз
Үскірік, суық аяз
Қарыған
Үсіткен

VI. Сергіту сәті: «Қыс еліне сапар»

Балалар, алдарымызда үш «бөгет» бар. Сол бөгеттерден өтсек, қызықты «Қыс еліне» жетеміз. Қыс еліне баруға өз үлесімізді қосамыз ба?

1-бөгет: Қалың қар

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?
  • Адамдар суықтан қалай қорғанады?
  • Сен қыста қалай киінесің?

Жауапқа тірек

Қыста күн суық болады. Қар жауады, боран соғады. Сондықтан адамдар жылы киінеді.

2-бөгет: Қарлы бұрқасын

Ұшып жүрген әріптерден сөз құрап, сол сөзбен сөйлем құрастырыңдар.

Шана Боран Мұз

3-бөгет: Мұздық

Берілген ұйқас бойынша шағын өлең құрастырыңдар:

… балалар, … тебейік.
… жауып тұр, … көрейік.

VII. Қорытынды

Үш бөгеттен өтіп, қызықты «Қыс еліне» де жеттік. Енді білімімізді қорытындылайық:

  1. 1) Жыл мезгілдерін ата. Қазір қай мезгіл?
  2. 2) Қыс айларын ата.
  3. 3) Қысқы ойындарды ата.
  4. 4) Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді?
  5. 5) Мәтінге сүйеніп, жылқышының еңбегі туралы әңгімеле.

VIII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарының толықтығына қарай бағалау жүргізіледі.

IX. Үй жұмысы

«Қыс» мәтінін түсініп оқу.