Әріп және сөз ойыны
Сабақтың мақсаты
Оқу мақсаттары
- Оқушыларды «б» дыбысы және «Б б» әрпімен таныстыру; дыбыстың әріптік таңбалануын, дұрыс айтылуы мен жазылуын меңгерту.
- «Б» әрпі бар сөздер құрастыру, сөзге дыбыстық талдау жасау, дұрыс буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық және тәрбиелік мақсаттар
- Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
- Шапшаң оқуға, көркем әрі сауатты жазуға машықтандыру.
- Елжандылыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдістер мен көрнекіліктер
Әдістер
Көрнекіліктер
- Кеспе әріптер
- Буындар
- Мазмұнды суреттер
- Жаңа әріптің баспа және жазба үлгілері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: әріп, буын, сөз, сөйлем ұғымдарын қайталап, оқып-құрастырып жазуға бағыттау. «Үйренеміз қай сабақта?» — Сауат ашу.
II. Өткенді қайталау
Ойын: «Ұйқасын тап»
- ша-ша-ша — өсіп тұр арша
- ай-ай-ай — қайнады шай
- ра-ра-ра — келді ұшып ара
- ла-ла-ла — араның үсті ала
- уа-уа-уа — таза екен ауа
Оқулықпен жұмыс: 60-бет. Топпен оқу және талқылау.
Топтық жұмыс
Берілген сөздерге сөйлем құрастыру және негізгі ұғымдарды сұрақ-жауап арқылы нақтылау.
Сұрақтар
- Дыбыстан не құралады?
- Буыннан не құралады?
- Сөзден не құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыстылар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыздар нешеге бөлінеді?
Сөйлем құрастыруға сөздер
Шортан, шапан, қалам, тамақ, орамал.
«Шортан» сөзінен жаңа сабаққа кіріспе жасау.
Шортан деген не? — балық.
«Балық» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі? — «б». Дыбысты хормен айту.
III. Жаңа дыбыс: «Б» (артикуляция және ерекшелігі)
«Б» — еріннің алдымен бір-біріне нық тиіп, кейін кілт ашылуы арқылы жасалатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыс. Бұл дыбыс көбіне сөздің басында және ортасында кездеседі.
Тапсырма
«Б» дыбысынан басталатын сөздер айту, әр сөзді буынға бөлу.
IV. Сергіту сәті
Бала-бала, балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
V. Оқулықпен жұмыс
- Суретпен жұмыс.
- Мәтінді мұғалімнің оқып беруі.
-
Сөздердің мағынасын түсіндіру:
Баба
Үлкен кісі, ата-баба ұғымы.
Бата
Ас қайыруда, тойларда берілетін тілек, бата сөз.
- Оқушыларға тізбектеп оқыту.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Әдемі етіп жазайық.
VI. Дәптермен жұмыс: әріп және сөз ойындары
а) «Жоғалған әріпті тап»
Там…қ, мақт…, арм…н, мат…, қ…й.
ә) «Шашылған әріптерден сөз құрастыр»
- б, а, т, о бота
- б, р, о бор
- б, а, л бал
- б, қ, а бақ
- б, қ, а, а бақа
VII. Қорытындылау
Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту: «Б» дыбысының айтылуы, жазылуы, сөз ішіндегі орны және буынға бөлу ережелері.
VIII. Мадақтау
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, жұмысына қысқаша кері байланыс беру.