Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, Істей берсін қолдарынанкелгенін
Дидактикалық материалдар жинағы (слайд)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы орта мектеп.
Пәні
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Даулеткелдиева Айгерім Аманжолқызы
Бұл материалдар әдебиет пәні бойынша Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған.
Дәйексөз
Не көрсем де, Алаш үшін көргенмін,
Маған атақ — ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Қазақ әдебиетінің «бес арысы»
-
М. Жұмабаев
-
Ш. Құдайбердіұлы
-
А. Байтұрсынов
-
М. Дулатов
-
Ж. Аймауытов
Бұл тұлғалар ұлттық ой мен әдебиеттің бағытын айқындаған, елдік мүддені сөз өнері арқылы қорғаған аса көрнекті қайраткерлер ретінде танылады.
Мағжан Жұмабаев: «Мен кім?»
Арыстанмын — айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын — маған қарсы кім тұрар?
Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген,
Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?
Негізгі образдар
Арыстан, жолбарыс, бұлт, жел.
Мазмұн өзегі
Қайсар рух, еркіндік, ішкі қуат пен ұлттық болмыс.
Көркемдік тәсіл
Асқақ пафос, теңеу мен метафора арқылы мінезді даралау.