Көктем мезгілінде алғаш шығатын гүлдерді ата
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жыл мезгілдері туралы білімді жүйелеу, көктемге ерекше тоқталу. Көктемнің белгілерін анықтап, шапшаң әрі сапалы оқу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Тапсырмалар арқылы ойлау, салыстыру және қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, адамгершілікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Оқушылардың ынта-зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Бәйшешек» өлеңін жатқа сұрау.
III. Білімдерін жан-жақты тексеру
«Бәйшешек» гүлін құрастыру арқылы өткен материалды қайталау.
Формат
Сұрақ-жауап
Тапсырмалар
- 1. Жыл мезгілдерін ата.
- 2. Көктем мезгілінде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?
- 3. Көктемде алғаш шығатын гүлдерді ата.
- 4. Гүл немен қоректенеді?
- 5. Жыл құстарына қандай қамқорлық жасайсың?
- 6. Ұя салмайтын құсты ата.
- 7. Құстар қалай көбейеді?
IV. Жаңа білімді меңгеруге даярлық
Үнтаспадан көктем құбылыстарын тыңдап, талдау жасау. Белгілер бойынша әңгіме құрастыру.
Үлгі әңгіме
Қар еріді. Күн жылынды. Көктем келді.
Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүршік жарды.
Жыл құстары өлкемізге қайта оралды. Құстар ұя салып, ұяға жұмыртқа салады.
Малдар төлдейді. Мал өріске шығады.
V. Жаңа білімді түсіндіру
- 1. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- 2. Өлең мазмұны түсіндіріліп, талданады.
Өлең
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы — жауқазын.
Ызғар әлі кеткен жоқ,
Қырлар әлі кепкен жоқ.
Жауқазындар көкпеңбек,
Көбейе бер, көктем боп.
VI. Алған білімді тиянақтау
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді оқушыларға кезектестіріп оқыту.
- Мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы талдау.
Сұрақтар
- 1.Көктемде қандай жаңбыр жауады?
- 2.Жаңбырдан кейін табиғат қандай күйге бөленеді?
- 3.Ақын «көктем басы» сөзін қай гүлге теңейді?
- 4.Өздерің қандай гүлдерді білесіңдер?
Сергіту сәті
Көктем келсе жарқырап,
Дала гүлге толады.
Бой көтеріп құлпырып,
Дала гүлге толады.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге гүлдердің аттарын жазу:
VII. Жаңа білімді бекіту
1) Ассоциация әдісі
«Жауқазын» сөзіне қатысты ойларды жинақтау:
- Таза ауа
- Құлпырады
- Өседі
- Әдемі
- Жайнайды
- Хош иісті
- Жайқалады
- Сыйлайды
2) Шығармашылық жұмыс
- Жауқазын гүлін жасап, бір-біріне сыйлау.
- Гүлге қатысты мейірімді, жылы сөздер айту.
Мысал
«Гүлдей жайна, құлпырып өс, әдемі бол».
VIII. Қорытынды
- 1.Қандай тақырып өттік?
- 2.Сабақ ұнады ма?
- 3.Қандай гүл жасап үйрендік?
IX. Үй тапсырмасы
- 1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
- 2.Жауқазынның суретін салу.
X. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.