Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы
Мақсат
- Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін таныту.
- Наурызды құрметтей білуге тәрбиелеу, мерекені атап өту жолдарымен таныстыру.
- Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, мақтан тұтуға баулу.
Мерекелік бастау
Көрініс
Балалар Наурыз әуенімен залға кіреді.
Тәрбиеші: Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз де келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз — “жаңа күн” деген сөз. Бұл — ата-бабамыздан мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан жыл басы мерекесі, Ұлыстың ұлы күні.
Тәрбиеші: Балалар, Наурыз туралы тақпақ білеміз бе?
Айзере
Бәйшешек гүл ашады,
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен-көл,
Кемерінен асады.
Елназ
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн-Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Заина
Осыншама жақсылық
Алып келдің, Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыздың мәні
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз — қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.
Бұл — күн мен түн теңелетін қасиетті мезет. Сондықтан халқымыз Наурызды Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні деп атайды.
Көктеммен бірге жер дүние жасарып, жаңарып, тіршілік қайта түлейді. Табиғатпен бірге адамның да көңілі жадырап, өмірі жандана түседі. Олай болса, бүкіл тіршілікті жаңғыртқан Наурызға шын ниетпен:
Тәрбиеші: Наурыз туралы әнімізді айтайық.
Ән: “Наурыз”
Балалардың жауаптары мен тақпақтары
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
Арслан
Құтты болсын Наурыз,
Жалқаулық — қос жауымыз.
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз.
Айлин
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Алима
Кел, балалар, ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Наурыз көже: береке мен тоқшылықтың белгісі
Әжелердің келуі
Ортаға әжелер кіреді.
Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді сағынып келдім. Сендерге Наурыз көже алып келдім.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, әжелер! Біз балалармен Наурыз мерекесі туралы әңгімелесіп отырмыз. Жоғары шығыңыздар.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым, Наурыз көже — Наурыз мейрамының негізгі асы. Оған 7 түрлі тағам қосылады: сүр ет, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. Жеті саны — киелі сан. Ал Наурыз көже — тоқшылықтың белгісі.
Тәрбиеші: Балаларымыз Наурыз көже туралы тақпақ айтқысы келеді. Ендеше, кезекті балаларға берейік.
Ақмаржан
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта тағы бар.
Ішетінің, жейтінің —
Бұл көжеде бәрі бар.
Ислам
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз.
Тәтті болып жасалған
Көжеден дәм татамыз.
Тәрбиеші: Халқымыз — тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрге бай, өнегесі мол халық.
Амира
Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр-салтымыз.
Сән-салтымен ел көрікті,
Салт-дәстүрді сыйлау — үлкен міндет.
Салт-дәстүр көрінісі: қырқынан шығару
Әжелер: Балаларым, бүгін сендерге баланы қырқынан шығару рәсімін көрсетейік.
Ортаға келіні Нүргүл баланы әкеліп береді.
Керекті құралдар
- Суға шомылатын ыдыс
- Ағаш қасық
- Фасоль
- Күміс сақиналар
- Асық
- Жылы су
Балалардың тілектері
Жасы ұзақ болсын, дені сау болсын, ержүрек болсын, батыр болсын және тағы басқа ақ тілектер айтылады.
Ұлттық өнер: айтыс
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің бір керемет түрі — айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы өтіп, жақсылық пен жамандықты, суық пен жылының күресін жырлаған. Бұл төл өнер бүгінгі ұрпақ арасында да жалғасып келеді. Ендеше, кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық.
Айана
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен?
Айтыс — айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен.
Дінмұхамед
Айтыс — айтыс болады,
Шықса ақын теңімен.
Шешен болсаң, көрейін,
Айтысып көр менімен.
Айана
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Қос аладың ба мән беріп,
Қанша болды — санап көр.
Дінмұхамед
Бірге төрт — бес болады,
Оны бәрі білетін.
Сен дейсің бе саусағын
Санай алмай жүретін?
Екеуі бірге:
Наурыз тойы — салтымыз,
Аман болсын халқымыз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Балалар, кәне, бәріміз ойын ойнайық.
Ойын: “Қыз қуу”
Нақыл сөздер: даналықтың діңгегі
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата-бабаларымызды еске алу — парыз. Ендеше, кезекті нақыл сөздерге берейік.
Ердәулет
Төле би айтқан екен:
“Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.”
Таир
Әйтеке би айтқан екен:
“Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген — ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген — дария,
Мөлдір су боп сарқырар.”
Айдана
Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен:
“Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Құр айтылған сөз қиын,
Іске аспаған іс қиын.”
Наурызға арналған тақпақтар
Тәрбиеші: Ендеше, Наурыз мейрамына арналған тақпақтарды тыңдайық.
Маржан
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке-ырыс сыйлашы.
Інжу
Ой, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Аңсар
Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Даниал
Армысың, ағайын!
Бармысың, ағайын!
Ұлыс бақты болсын!
Ахан
Наурыз — шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән саламыз бәріміз,
Би билейміз бәріміз.
Хормен:
Наурыз тойы — салтымыз,
Аман болсын халқымыз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,
Наурыз құтты болсын!
Ойындар және бата
Тәрбиеші: Енді күш сынасуға, әркімнің ептілігін байқатуға уақыт келді.
Ойын: “Күш сынасу”
Тәрбиеші: “Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер”, — дегендей, балаларымыз бата береді.
Ибраһим
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын.
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!