Тізбекті ядролық реакция
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі
Физика және информатика пәндерінің оқытушысы: Қайырлиева Кенжегүл Тлегеновна
Сабақ тақырыбы
Тізбекті ядролық реакция. Уран ядросының бөлінуі
Мақсаты
- Оқушыларға тізбекті ядролық реакцияның физикалық мағынасын ашып, түсіндіру.
- Жаратылыстану пәндерімен байланыстыра отырып, білімін тереңдету және ойлау қабілетін дамыту.
- Құбылыстың өмірмен байланысын көрсету арқылы өз бетінше іздену дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілік пен құралдар
Көрнекілік
Үлестірмелі материалдар, презентация.
Құралдар
Интерактивті тақта (қалам), компьютер.
Әдістер және сабақ түрі
Әдістер
- RWCT стратегиясы (ой қозғау)
- Топпен жұмыс
- Тест
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Сабақтың негізгі құрылымы
Қадамдық жоспар
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары
- Атомның құрылысы қандай?
- Атомның алғашқы моделін ұсынған кім?
- Модель бойынша атом радиусы қандай?
- Неліктен «планетарлық модель» деп аталады?
- Атом ядросы және оның құрамы.
- Ядролық күштер.
- Масса ақауы.
- Радиоактивтік құбылысты кім және қашан ашты?
- Радиоактивтік дегеніміз не?
- Радиоактивті ыдырау заңы.
Жұмыс түрлері
- Екі оқушы тақтада есеп шығарады.
- Жеке оқушыларға карточкалар таратылады.
- Үй тапсырмасы бойынша алдын ала дайындалған оқушының презентациясы тыңдалады.
- Есептер тексеріліп, карточкалар бағаланады, сұрақтарға жауап беріледі.
Нәтиже
Оқушылардың алдыңғы тақырыптар бойынша түсінігі нақтылауға алынып, жаңа тақырыпқа өтуге негіз қалыптастырылады.
3) Жаңа сабақты түсіндіру
- Презентация көмегімен уран ядросының бөлінуі және тізбекті ядролық реакция тақырыбы түсіндіріледі.
- Өз ізденісі бойынша дайындалып келген оқушылардың қысқаша хабарламалары тыңдалады.
- Тақырыпқа байланысты кроссворд шешіледі.
- Тақырып қорытындыланып, негізгі ұғымдар бекітіледі.
4) Үй тапсырмасы
Оқу: §88–89
Келесі сабаққа дайындық барысында негізгі анықтамалар мен формулаларды конспектілеп келу ұсынылады.
Сабақты дайындауда қолданылған материалдар мен бағдарламалар
- Электрондық оқулық: Физика 11, §7.10–§7.11 (көрсетілім материалдары).
- PowerPoint бағдарламасының құралдары.
- Интернет дереккөздері: Google (іздеу тақырыбы: «ядролық қару»).