Петропавл қандай қала

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың туған жері мен кең-байтақ елінің табиғи байлығы туралы білімін тереңдетіп, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: Солтүстік Қазақстан өңіріне назар аудартып, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  • Дамытушылық: Салыстыра ойлау, зейін қойып тыңдау, түйін жасау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, туған елін құрметтеуге және Отанға адал еңбек етуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және әдістеме

Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақ әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау
Көрнекіліктер
Үлестірме қағаздар, оқулық, презентация
Пәнаралық байланыс
Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру: амандасу

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

II. Жаңа сабақ: тақырыпқа кіріспе сұрақтар

  1. 1

    Біз қай Республикада тұрамыз?

    Қазақстан.

  2. 2

    Қазақстанның астанасы қай қала?

    Астана.

  3. 3

    Қазақстанның Президенті кім?

    Н. Назарбаев.

  4. 4

    Сен қай облыста тұрасың?

    Солтүстік Қазақстан.

  5. 5

    Біздің облыс орталығы қай қала?

    Петропавл.

  6. 6

    Петропавл қаласының ежелгі атауы қандай?

    Қызылжар.

  7. 7

    Петропавл қандай қала?

    Оқушылар өз әсерлері бойынша әңгімелейді.

II. Мәтінмен жұмыс: сөздік

Мәтінді түсінуді жеңілдету үшін негізгі сөздер мен аудармалары:

Солтүстік

северный

Тұрамын

живу

Қақпа

ворота

Іспетті / сияқты

как

Табиғат

природа

Есіл өзені

река Ишим

Өңір

край

Қайың

береза

Терек

тополь

Тоғай

роща

Орталық

центр

Қаланған

образован

Қаламгерлер

писатели

II. Мәтінді оқу және түсіну

Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Солтүстік Қазақстан облысы — Республиканың «солтүстік қақпасы» іспетті. Біздің облысымыз Қазақстанның Қостанай, Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясымен шекаралас.

Өңіріміздің табиғаты бай. Есіл — осы өлкенің ең үлкен өзені. Облыстың көп бөлігін орманды алқаптар алып жатыр. Онда негізінен қайың, терек және тоғай ағаштары өседі. Сондықтан бұл өңірді жиі «ақ қайыңды өлке» деп атайды.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы — Петропавл қаласы. Қала 1752 жылы қаланған. Облыста 13 аудан бар. Солтүстік Қазақстан — Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Иван Шухов сияқты қаламгерлердің туған жері.

Талқылау

Мәтінде не туралы айтылған?

Тілдік тапсырма

Мәтіннен «облыс» түбірі бар сөздерді теріп жазыңдар.

Грамматика

Осы сөздерде қандай септік жалғаулары қолданылған?

Дәптермен жұмыс

III. Септіктерді қайталау

  • Атау септігі (кім? не?)
  • Ілік септігі (кімнің? ненің?)
  • Барыс септігі (кімге? неге?)
  • Табыс септігі (кімді? нені?)
  • Жатыс септігі (кімде? неде?)
  • Шығыс септігі (кімнен? неден?)
  • Көмектес септігі (кіммен? немен?)

III. Септеу тапсырмасы

«Өлке», «қайың» сөздерін септеп жазыңдар.

Нұсқау

Әр септікке сәйкес сұрақты (кім? не?; кімнің? ненің?; кімге? неге? т.б.) пайдаланып, сөздердің дұрыс тұлғасын көрсетіңдер.

Мақал-мәтелдермен жұмыс

IV. Сөзжұмбақ және мақал толықтыру

Сөзжұмбақты шешіп, шыққан сөзге байланысты мақалды толықтырыңдар.

Шыққан сөз

О Т А Н

1. ____ инемен құдық қазғандай.

  • 2. Қатты зат
  • 3. Қымбат жан
  • 4. Ас атасы

IV. Мақалдарды оқу және түсіндіру

  • 1. Отан — оттан да ыстық.
  • 2. Отан отбасынан басталады.
  • 3. Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  • 4. Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас.
  • 5. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
  • 6. Отаның берік болса, жауың алмайды.
  • 7. Опасызда Отан жоқ.
  • 8. Отан нышаны — отбасы.
  • 9. Отан — елім, өз халқым.