Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Табиғат туралы түсінікті тереңдету, жалпы мағлұмат беру.
  • Тіршіліктің бастауы ретінде табиғаттың мәнін ұғындыру.
  • Көктемнің ерекшеліктерін байқату.
  • Табиғатты қорғауға және оны құрметпен қарсы алуға үйрету.
  • Халық қазынасын: мақал-мәтел, жұмбақ, болжамдарды орынды қолдануға баулу.

2) Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, белсенді қарым-қатынасқа ынталандыру.

3) Тәрбиелік

Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу; аң-құсқа қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері

Армысың, қайырымды Аспан-Ата!

Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қонақтар, сіздерге де сәлеметсіздер ме!

Ойын: «Табиғат деген не?»

Шарты: Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды, оқушылар жауап береді.

1) Табиғат деген не?
Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не?
Жер, су, ауа, өсімдіктер және т.б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді?
Екіге: өлі табиғат және тірі табиғат.
4) Өлі табиғат деген не?
Тау, тас, су, өзен, көл, құм және т.б.
5) Тірі табиғат деген не?
Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар және т.б.

Мұғалім: «Жарайсыңдар, балалар! Ойынды керемет ойнадыңдар.»

Ойын: «Шатаспақ»

Шарты: Өлі табиғат пен тірі табиғатқа қатысты суреттер араласып кеткен. Оқушылар оларды дұрыс топтастырады.

Көрініс: Қоян және «Табиғат ананың хаты»

Осы сәтте орманнан қоян келеді.

Қоян: «Мен орманнан келдім. Сіздерге “Табиғат ананың” хатын алып келдім.»

Хат

«Сәлеметсіңдер ме, “Тұлпар” тобының балалары! Сендер табиғатты аялауды білесіңдер ме? Мен бүгін жолда келе жатып, сынып қалған ағаш бұтағын көріп қатты ренжідім. Осы бұтақты сендерге жіберіп отырмын: оған сендердің аялы алақандарың жетпей тұр».

Мұғалім: «Балалар, табиғат ана бізден табиғатты аялауды білесіңдер ме деп сұрап отыр.»

Ойын: «Дұрыс, дұрыс емес?»

Шарты: Слайдтан суреттер көрсетіледі. Оқушылар қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін анықтап айтады.

Мұғалім: «Жарайсыңдар, балалар!»

«Ендеше табиғат ананың жіберген бұтағын суға салып қояйық. Кейін оны далаға отырғызамыз. Ал оған дейін мына гүлді құмыраға отырғызайық».

Балалар гүлге өздерінің жылы сөздерін айтады.

Өлеңдер: Жер мен табиғат туралы

Мұғалім: «Жер, табиғат туралы ақындар көп өлең жазған. Ал сендер не білесіңдер?»

Аяулым

Жер ана, сенсіз өмір жоқ,
Күн мәңгі шығып тұрса да.
Гүлденсең болды көңіл тоқ,
Сенсіз белес — бір шыбықтай.

Наргиз

Көлдің суы молығар,
Үлкен-кіші шомылар.
Мен жүгіріп жүргенде,
Гүлденген көп далалар.

Жаннұр

Көгінде құстар қалқыған,
Көліне бұлақ қосылған.
Ішсең мейір қандырған,
Ұмыттың ба балдырған?

Саят

Ыстықта болса көлеңке,
Жемісі — шырын, тағы бар.
Ауылда әрбір береке,
Күтсең, баптап, бағы бар.

Айдана

Бар ма сол сенің ауылыңда
Жайқалған желек саябақ?
Көрдің бе сен бағынды,
Қамқорлықпен болып аялап?

Халық даналығы

Мақал-мәтелдер

  • Аяулым: Қыстағы қар — жер ырысы. Жаздың бір күні қыстың мың күніне татыр.
  • Наргиз: Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла.
  • Жаннұр: Сәуір болса күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер.
  • Саят: Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
  • Айдана: Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек.

Тыйым сөздер

  • Әлихан: Судың да сұрауы бар. Бақ өсіргенің — бағың жанар.

  • Жанерке: Жұпар ауа — дертке дауа. Көкті жұлма, көктей соларсың.

  • Разиянұр: Туған жердің топырағы да ыстық. Бақаны өлтіруге болмайды — жаңбыр жауады.

  • Анель: Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса — жақсылық. Бұл құстар адамға дос, сондықтан ұясын бұзба.

  • Жарас: Құмырсқаның илеуін бұзсаң, үй ішіне кесапаты тиеді.

  • Салтанат: Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін. Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды — қарғысы қатты болады.

Қорытынды

Осымен «Табиғатты аялайық» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рақмет!