Кірпінің дене құрылысы, өмір сүру жағдайы туралы ақпарат беру
Білім беру саласы және бөлім
Білім беру саласы
Шығармашылық, коммуникация
Бөлімі
Сурет салу, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы
Тікенекті кірпі
Мақсаты
Білімділік
Балаларды орман жануары — кірпімен таныстыру.
Дамытушылық
Бастыру әдісі арқылы және ойын барысында ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру; ойлау қабілетін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер және құрал-жабдықтар
- Демонстрациялық материалдар
- Слайд
- Қара бояу
- Шанышқы
- Сұр сия (бастыруға арналған)
Билингвальды компонент
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
1) Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Тәрбиешінің әрекеті
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Қонақтарға құрметпен, Бас иеміз біз.
Балалардың әрекеті
Шаттық шеңберін бірге айтады.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік
Жұмбақ, слайдпен жұмыс, шығармашылық тапсырма
Жұмбақ
Балалар, жұмбақты шешіп көрейік. Жауабын тапсаңдар, бүгін сол жануар туралы қызық деректермен бөлісемін. Тұмсығы бар түймеден, Тон жамылған инеден.
Дұрыс жауабы: кірпі.
Тәрбиешінің әрекеті
- Назарды слайдқа аудартады.
- Кірпінің дене құрылысы мен тіршілік ету ортасы туралы қысқаша мәлімет береді.
- Сұрақ қояды: «Мына суретте кірпіге не жетіспей тұр?»
- Тапсырманы түсіндіреді: шанышқыны сұр сияға малып, кірпінің үстіне бастыру арқылы тікенектерді шығару.
Балалардың әрекеті
- Жұмбақты шешеді.
- Слайдты қарап, сұрақтарға жауап береді.
- Бастыру әдісімен кірпінің «тікенектерін» бейнелейді.
Сергіту сәті
«Кірпімен қара жорға» биін билейміз.
Кірпі — тікенек.
Балалар бейнежазбаға қарап қайталайды.
3) Рефлексиялық-түзетушілік
Ойын арқылы қорытындылау
Ойын: «Кірпіні тамақтандырамыз»
Мақсаты: іс-әрекет барысында алған білімді қорытындылау, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Шарты: кірпінің үстіне алма, саңырауқұлақ және шаянның суреттерін жабыстыру.
Күтілетін нәтиже
- Біледі: кірпі туралы негізгі мәліметтерді.
- Игереді: бастыру әдісі арқылы сурет салуды.
- Меңгереді: таза және ұқыпты жұмыс істеуді.