Сөйлем Наурыз қазақтың мейрамы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

  • Мақсатымыз — білім алу.
  • Міндетіміз — еңбектену.
  • «5»-ке қол жеткізу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан сабақ сұрау, жауаптарды қорытындылау.

Талқылау сұрақтары

  • «Ұзынсары» деген не?
  • Мәтінде қандай тағам түрлері аталған?
  • Оның қалай жасалатынын білесің бе?
  • Қазақтың тағы қандай ұлттық тағамдарын атай аласың?

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу

Шешу барысында әр жауаптың бастапқы әрпін тақтаға жазып отырамыз. Соңында шыққан сөз арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

Сұрақ Жауап
1 Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? Наурыз
2 Ат байлау үшін орнатылатын түбірік? Атағаш
3 Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам? Уыз
4 Қасиетті ай? Рамазан
5 Ас үйде қолданылатын бұйым? Ыдыс
6 Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды? Зерен
7 Ұлттық ас түрі? Көже
8 Қазақстан қаласы? Өскемен
9 Қасиетті сан? Жеті
10 Мал өнімінің негізгі түрі? Ет

Қорытынды

Балалар, қараңдаршы, қандай сөз шықты? Наурыз көже. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «Наурыз көже».

IV. Жаңа сабақ

Автор туралы

Мәтін авторы: Нұрқасым Қазыбеков.

Маусым туралы сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем айларын атаңдар.
  • Көктемде қандай өзгерістер болады?
  • Қазір көктемнің қай айы?
  • Көктем мезгілінде қандай мерекелер аталып өтеді?

V. Суретпен жұмыс

Наурыз туралы

Көктемнің алғашқы айымен бірге келетін ұлттық мейрам — Наурыз. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Күн жылына бастайды, жан-жануарлар ұйқысынан оянады. Наурыз күні адамдар татуласып, достасады.

Дәстүр мен дәм

Бұл күні әрбір үйде қазан асылады, Наурыз көже пісіріледі. Бір-біріне жақсы тілектер айтылады.

Наурыз көженің құрамындағы 7 дәм

  • Айран
  • Ет
  • Сүт
  • Құрт
  • Тұз
  • Май
  • Тары

VI. Сергіту сәті

Өлең

Қырдан бүгін бу ақты,

Қуды жерден суықты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Құлпырады жер енді.

VII. Оқулықпен жұмыс

Оқушылар мәтінді тізбектей оқып, талдайды.

Көрініс көрсету

  1. Ақ тілектер айту
  2. Көрісу
  3. Наурыз көжеден дәм тату

VIII. Киіз үй дәстүрі және сұрақ-жауап

Дәстүр

Тігілген киіз үйлерге кіріп, тілек айту және дәм тату.

Сұрақ-жауап

Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін қысқа сұрақтар қойылып, жауаптар талқыланады.

IX. Топтастыру

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жинақтап, топтастыру жұмысы орындалады.

X. Шығармашылық тапсырмалар

Эссе жазу

«Наурыз көже» тақырыбы бойынша қысқа эссе жазу.

Өз бетімен жұмыс

Тақырыптық сурет салып, өз жұмысыңды қорғау.

«5 жол өлең»

1. Кім? Не?
Наурыз
2. Қандай?
Жылы, әдемі
3. Не істеді?
Жылынды, еріді, өсті
4. Сөйлем
Наурыз — қазақтың мейрамы.
5. Мағыналы сөз
Жаңа жыл

XI. Бағалау

Сабақтағы белсенділік, жауап сапасы және орындалған тапсырмалар бойынша бағалау жүргізіледі.

XII. Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау.