Аудандық олимпиадаға оқушыларды қатыстыру
2015–2016 оқу жылы
Дарынды оқушылармен атқарылатын жұмыс жоспары
Мақсаты
Оқушыларды тек білім жүйесімен қаруландырумен шектелмей, олардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлауын, тіл мәдениетін, білімге құштарлығын дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ өмірге дұрыс көзқарасының қалыптасуына ықпал етіп, ықыласы мен төзімділігін, іскерлігі мен ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін және басқа да тұлғалық қасиеттерін жетілдіру.
Міндеттері
- Пән бойынша оқушының білімін, білігін және дағдысын тереңдету.
- Тапсырманы орындау барысында себеп-салдарды анықтап, қорытынды жасай білуге бағыттау.
- Оқушыны қызықтыратын тақырыптар бойынша ғылыми ізденіске қолдау көрсетіп, білім көкжиегін кеңейту.
Жұмыстың мазмұны
Негізгі іс-шаралар тізімі
- 1 Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру.
- 2 Сынып жетекшілері және педагог-психологпен бірлесе отырып, қабілетті (ерекше) оқушылардың тізімін анықтау.
- 3 Білім деңгейін меңгеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін айқындау.
- 4 Дарынды оқушымен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
- 5 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер, шығармашылық жобалар).
- 6 Өздігінен ізденіп оқуды ұйымдастыру және дамыту.
- 7 АКТ технологияларының элементтерін тиімді қолдану.
- 8 Деңгейлік тапсырмалар дайындау.
- 9 Тест және басқа тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту.
- 10 Әр сабақта күрделендірілген (озық) тапсырмалар беру.
- 11 Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын тұрақты бақылау; талдату және өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
- 12 Аудандық КҒА, «Дарын», «Зерде» ғылыми жобаларына қатысу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарды саралау.
- 13 Оқушыларды аудандық КҒА, «Дарын», «Зерде» ғылыми жобаларына қатыстыру.
- 14 Мектепішілік олимпиадаға қатысатын оқушыларды анықтау.
- 15 Мектепішілік олимпиада өткізіп, аудандық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу.
- 16 Оқушыларды аудандық олимпиадаға қатыстыру.
- 17 Келесі оқу жылына жоспар құрудың тиімді жолдарын қарастыру.
Өзектілігі
Оқушылардың өзіндік танымдық жұмысын жүйелі ұйымдастыру, өздігінен оқуға дағдыландыру және ой-өрісін тереңдету арқылы ғылыми ізденіске жетелеу.