Етістіктер аялдамасы

СҚО, Мамлютка ауданы, Покровка селосы — Покровка орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Карабалаева Гульназ Байдиллақызы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Сөз таптары
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес, ойын-жарыс
Пәнаралық байланыс
Математика, ана тілі
Әдіс-тәсілдер
Қайталау, жинақтау, жүйелеу, ойын

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін пысықтау.
  • Шығармашылық және ізденушілік қабілеттерін дамыту.
  • Әдепті, адамгершілігі мол, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Аялдама атаулары, сызбалар, сиқырлы сандық, сөздер жазылған карточкалар, гүлдер, түрлі-түсті дөңгелекшелер.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

2) Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген жаттығу тексеріледі.

3) Жаңа сабақ: «Сөз таптары еліне» саяхат

Ребус шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылар «Сөз таптары еліне» саяхатқа шығып, әр аялдамада берілген тапсырмаларды орындайды. Соңында сиқырлы сандық ішіндегі жасырын сөзді тауып, оқиды.

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр аялдамада топтық жұмыстар орындалып, ұпай жинақталады.

1-аялдама: Зат есімдер аялдамасы

Жұмбақ шешу арқылы аялдама ашылады.

Сөз басының ең басында тұрамын,

Білесіңдер: «Кім? Не?» — деген сұрағым.

Сөйлемде мен ой иесі боламын,

Етістікпен көркейемін, толамын.

(Жауабы: зат есім)

1-топ тапсырмасы

«Гүл теру» ойыны

Өсіп тұрған гүлдердің ішінен зат есім жазылған сөздері бар «гүлдерді» теріп алу.

гүл биік шаңырақ үлкен сырға әнші ұзын етік ақ ата кітап кең

2-топ тапсырмасы

Сурет бойынша сөйлем құрау

Суретке қарап сөйлем құрастырып, зат есімдерді табу.

2-аялдама: Етістіктер аялдамасы

Ребус шешу арқылы аялдамаға өтеді.

1-топ тапсырмасы

Күрделі етістік жасау

Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру:

суытты ұшады оқыды ойнады жүзеді барады

2-топ тапсырмасы

Бос орынға етістік қою

Көктем …

Күн …

Қарлар …

Бәйшешектер …

Жаңбыр …

Кемпірқосақ …

Жылғалардан су …

3-аялдама: Сын есімдер аялдамасы

Жұмбақ шешу арқылы аялдама ашылады.

Зат есіммен көршілес,

Сынаудан бір сәт ерінбес.

Бұл қай сөз табы?

1-тапсырма

«Өз орнын тап» ойыны

1-топ: дәмді білдіретін сын есімдерді теріп жазу.
2-топ: түсті білдіретін сын есімдерді теріп жазу.

қышқыл күлгін боз ащы жасыл тәтті тұщы қызыл дәмді ақ кермек қара

2-тапсырма — 1-топ

Мінездеме беру

Ана тілінен өткен «Бала Абай» әңгімесіндегі Абайға мінездеме беру.

2-тапсырма — 2-топ

Мінездеме беру

«Алып бала» әңгімесіндегі Мұқанға мінездеме беру.

4-аялдама: Сан есімдер аялдамасы

Әр топқа екі мақал және бес сөзжұмбақ беріледі.

Мақал-мәтелдерді толықтыру

Ер … рет өледі.

Қорқақ … рет өледі.

… теңгең болғанша, … досың болсын.

… саусақ бірдей емес.

Жігітке … өнер де аз.

Сөзжұмбақтарды шешу

40аяқ 100десу 3кір 1жан к2лік 5бармақ 9құмалақ 6бақан 7ген қ10ақ

5-аялдама: Ой қорыту аялдамасы

Білімді жинақтау және бекіту кезеңі.

1) Сұрақ-жауап

Өтілген тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап жүргізіледі.

2) Сөйлемдерді сөз таптарына талдау

  • Ақ жаңбыр жауып тұр.
  • Озат оқушылар марапатталады.
  • Сағат жеті болды.
  • Екінші сынып оқушылары ағаш отырғызды.

Мұғалім: «Балалар, міне, сиқырлы сандыққа да жеттік. Енді сандықтың ішіндегі қанатты сөздерді алып, оқып көрейік».

1-топ

Талаптансаң — арманыңа жетерсің,
Еңбек етсең — дегеніңе жетерсің.

2-топ

Өнер-білім жер астында болса да,
Бір жетер — «жалықтым» деп тастамаса.

Бағалау

Әр топ қызыл, көк, жасыл дөңгелекшелер арқылы бағаланады.

Қорытынды

Жеңген топ анықталып, оқушылар марапатталады.

Үй тапсырмасы

Қайталау.

Қорытынды бағалау

Оқушылардың жұмысы жинақталып, әділ бағаланады.