Ресей - қол ұстасу

Сабақтың мақсаты

  • Қазақстан халқының саны, қозғалысы, ұдайы өсуі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Карта, диаграмма және картосхемалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Бірін-бірі тыңдау, топта жұмыс істеу, достық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс, талқылау, постер қорғау, өзара бағалау.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу: халық саны бойынша алғашқы ондыққа кіретін мемлекеттерде адамдардың бір-бірімен қалай амандасатынын сахналау.

  • Қытай: өзіне-өзі қол қысу.
  • Үндістан, Бангладеш, Пәкістан: қолды кеудеде айқастыру.
  • Жапония: бас ию.
  • Индонезия: қол береді, бірақ қатты қыспайды.
  • АҚШ: қол көтеру арқылы сәлемдесу.
  • Мексика мен Бразилия: құшақтасу.
  • Ресей: қол алысу.

Топқа бөлу

Санау арқылы топтасу.

Сұрақ

Осы елдерді не біріктіреді?

Осы ойдан сабақтың жаңа бөліміне өтеміз: «Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары».

2) Жаңа сабақ

Халық деп кімді айтамыз?

Халық — қоғамның өндіргіш күші: білімді, еңбек дағдыларын меңгерген, өндірістік тәжірибесі бар әрі тұтынушы болып табылатын адамдар жиынтығы.

Халық туралы нені білуге болады?

  • Саны
  • Қозғалысы
  • Өсуі
  • Жастық құрамы
  • Жыныстық құрамы
  • Орналасуы
  • Тығыздығы
  • Діни құрамы
  • Ұлттық құрамы

Бұл мәліметтерді қалай білеміз?

Негізгі дереккөз — халық санағы.

Халық санын білу не үшін қажет?

Халық саны шаруашылыққа, еңбек нарығына, әлеуметтік инфрақұрылымға және өңірлік жоспарлауға тікелей әсер етеді.

Сабақтың өзегі

Бүгін Қазақстан халқының саны, қозғалысы және өсуі туралы білімімізді тереңдетеміз.

Оқулық: 35-бет (дәптермен жұмыс).

3) Топтық жұмыс (постер)

Топтарға бөліну

  • 1-топ: халық саны
  • 2-топ: халық қозғалысы
  • 3-топ: халық өсімі

Тапсырма

  • Мәліметтерді оқу.
  • Алынған ақпаратты постерге түсіру (кесте, диаграмма, сызба және т.б.).
  • Тақырыптағы диаграмма, кесте және сызбанұсқа мәліметтерін ескеру.
  • Топтан бір өкілді таныстыруға дайындау.
  • Уақыт: 15 минут.

Топ ережелері

  • Белгіленген уақытта аяқтау.
  • Бірін-бірі тыңдау.
  • Бір-біріне сұрақ қою.

Қорғау форматы

Әр топтан бір өкіл қорғайды, басқа топтар сұрақ қояды.

Уақыт: 10 минут

Өзара бағалау: «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі.

Қызықты сандар мен деректер

Жыл сайын әлемде шамамен 140 млн адам дүниеге келеді:

Әр секунд

3

адам

Әр минут

175

адам

Әр тәулік

250 000

адам

Демографтардың есептеуінше, адамзат тарихында Жер шарында 80 млрд-тан астам адам дүниеге келген.

Ең көп балалы аналардың бірі шамамен 200 жыл бұрын Ресейде өмір сүрген. Ол 69 бала дүниеге әкелген:

  • 16 рет — егіз.
  • 7 рет — үшем.
  • 4 рет — төртем.
  • Балалық шағында 2 баласы ғана шетінеп, қалған 67 баласын ер жеткізген.

4) Бағалау және кері байланыс

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.

Кері байланыс

Оқушылар ұсыныстарын стикерге жазып, тақтаға іледі.

5) Үй жұмысы

  1. 1 7-тақырыпты оқу.
  2. 2 Петропавл қаласының халқы туралы мәлімет әкелу.
  3. 3 Егер сен мемлекет басшысы болсаң, туу көрсеткішін арттыру үшін қандай демографиялық саясат жүргізер едің? Осы тақырыпта эссе жазу.