Оқушылардың білімдерін тексеру

Сабақ тақырыбы

Екі өрнектің квадратының айырымы.

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы қысқаша көбейту формулаларын мысалдармен түсіндіріп, қорытынды шығару.
  • Дамытушылық: топтық әдіс арқылы тақырыптың мәнін тереңдетіп түсіндіру; қысқаша көбейту формуласын қорыту; ережені жатқа айту дағдысын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: математикалық диктант, жекпе-жек, күш сынасу, бәйге ойындары арқылы топтық/ұжымдық жұмысқа, батылдыққа және жинақтылыққа тәрбиелеу; математикалық ойлауды дамыту арқылы оқушыны өздігінен оқуға үйрету.

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі

Топтық сайыс сабағы

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, дидактикалық тапсырмалар, электронды оқулық

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру.
  2. 2 Оқушылардың білімдерін тексеру.
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру.
  4. 4 Түсінгендерін тексеру.
  5. 5 Бекіту.
  6. 6 Үйге тапсырма беру.

Сабақтың кезеңдері

I кезең

Жаңа білімді меңгеру және оны қолдану.

II кезең

Алынған білімді түрлендіру.

III кезең

Жаңа білімді өздігінен меңгеру.

I. Білімдерін тексеру

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өз атауын қорғайды:

Бірмүше Көпмүше Ұқсас мүше

II. Жаңа сабақты түсіндіру

Үш топтан бір-бір оқушы шығып, көпмүшені көпмүшеге көбейту амалын орындайды. Нәтижесінде маңызды формула қорытындыланады.

Мысалдар

(a − b)(a + b) = a² + ab − ab − b² = a² − b²
(x − y)(x + y) = x² + xy − xy − y² = x² − y²
(m − n)(m + n) = m² + mn − mn − n² = m² − n²

Ереже

Екі өрнектің айырмасы мен олардың қосындысының көбейтіндісі сол өрнектердің квадраттарының айырымына тең.

Қолдану үлгілері

(5a − 4b)(5a + 4b) = 25a² − 16b²
57 · 63 = (60 − 3)(60 + 3) = 60² − 3² = 3600 − 9 = 3591

Ауыспалы ҚР туы жеңімпаз топқа беріледі.

III. Топтық сайыс тапсырмалары

1) Математикалық диктант

«Әркімнің өзі шығар биігі бар»

(a − 3)(a + 3) = a² − 9
(m − n)(m + n) = m² − n²
(1 + c)(1 − c) = 1 − c²
(10x − 7y)(10x + 7y) = 100x² − 49y²

2) Бәйге

«Шапқан озар, жатқан қалар»

  1. (a − 5)(a + 5) =
  2. (2x − 1)(2x + 1) =
  3. (8c − d)(8c + d) =
  4. (7 − 3y)(7 + 3y) =
  5. (a² − 3)(a² + 3) =

3) Жекпе-жек

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

  1. (3m − ?)(3m + ?) = 9m² − 4n²
  2. (? + 4x)(? − 4x) = 25a² − 16x²
  3. (144a² − 4b²) = (12a − ?)(12a + ?)
  4. (100 − 1)(? + 1) = ? − 1

Ескерту: белгісіз мүшелер («?») — оқушылар толтыратын орындар.

4) Күш сынасу

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

№158 есеп.

IV. Сабақты бекіту

Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейтіп, екі өрнектің квадраттарының айырымын жазыңдар.

1-өрнек 2-өрнек Нәтиже (квадраттар айырымы)
3a b Оқушы жазады
0,3 4a Оқушы жазады
ab 5 Оқушы жазады