Балалар бізге қонаққа кім келгенін қараңдар
Білім саласы мен бағыттары
Білім салалары: әлеуметтік орта, таным, шығармашылық, қатынас.
Бөлімдері: қоршаған ортамен танысу, математика, ән-күй, тіл дамыту, жапсыру.
Тақырыбы
Көңілді көктем
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Математикалық пішіндер
- Слайдтар
Мақсаты
Дамытушылық
- Ойлау қабілетін арттыру.
- Сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап беруге үйрету.
- Дүниетанымын кеңейту.
- Жұмбақ шешуге және сандарды тануға баулу.
Тәрбиелік
- Әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
- Өзгенің пікірін тыңдай білуге үйрету.
Оқу іс-әрекетінің барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шеңберге тұрып, келген қонақтармен амандасады. Тәрбиеші балаларға бүгін қонаққа Көктем келетінін айтады. Алда кездесетін кедергілерді бірге жеңіп өту керек.
Тақпақ
1-бала
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
2-бала
Сәлем саған, Жер-Ана!
Сәлем саған, нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
2) «Жылы тілек» шеңбері
Қазір көктем мезгілі: күн жылына бастады, жылы жақтан құстар ұшып келді. Тәрбиеші ойыншық торғайды шеңбер бойымен ұсынып, балалар бір-біріне жылы тілектер айтады.
Құстың тапсырмасы
Суреттен қандай математикалық фигуралар бейнеленгенін атаңдар.
Тәрбиеші: «Міне, біз бір кедергіден өттік». Құстар дауысы
3) Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
4) Қоянның тапсырмасы: жемістер мен көкөністер
Тәрбиеші балабақшаға келе жатып қоянды көргенін айтады. Қоян да балабақшаға келе жатыр екен.
Көрсетілетін суреттер
- Қызанақ
- Алмұрт
- Сәбіз
- Банан
Тапсырма
Суреттердің атын табыңдар. Түсі мен көлемін сипаттаңдар.
Балалардың жауаптары тыңдалады. Тәрбиеші: «Жарайсыңдар!»
5) Аюдың тапсырмасы: сандар мен санамақ
Балаларға қонаққа аю келгені хабарланады. Балалар аю туралы білетіндерін айтып береді.
Тапсырма
Сандарды атап, «адасқан» балаларын тауып беріңдер.
Санамақ
Бір — білім ал,
Екі — ерлік көрсет,
Үш — үлгі тұт,
Төрт — тәртіп керек.
Тәрбиеші: «Осы 4 саны туралы не білеміз?»
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс.
6) Ойлау қабілетін тексеру: ұйқасын тап
Тәрбиеші балаларға жұмбақтың ұйқасын табуды ұсынады.
Өзінше ноян,
Қорқақ кім? (қоян)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы — (арыстан)
Қосымша сұрақ
Суреттен қандай аңның бейнесін көріп тұрсыңдар?
7) Қоршаған орта: кім қайда өмір сүреді?
Тәрбиеші: «Енді тапсырма қиындау. Бақтарыңды сынап көріңдер».
Тапсырма
Суреттегі аңдар мен құстарды атап, олардың қайда өмір сүретінін айтыңдар.
Тәрбиеші: «Жарайсыңдар!»
8) Шығармашылық жұмыс: жапсыру
Тәрбиеші балаларға қырқылған суреттерді ұсынады: қайық, су, күн.
Тапсырма
Жапсыру арқылы сурет құрастырып көріңдер. Шеберліктеріңді көрсетіңдер.
Қорытынды
Балалар «Көңілді көктем» әлеміне саяхат жасап, жан-жануарлар мен құстардың көктемгі тіршілігімен танысты. Оқу іс-әрекеті әнмен аяқталады: «Зеңгір көктем» (хор).
Марапаттау
Сабаққа белсене қатысқан балаларға «Білім кілті» табысталады. Білімдерің шыңдала берсін!