Перпендикуляр түзулер

Сабақ тақырыбы

№139. §6.2. Перпендикуляр түзулер. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.

Мақсаты

  • Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулермен таныстыру.
  • «Перпендикуляр» сөзінің мағынасын, белгіленуін және салу тәсілін үйрету.
  • Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табуды меңгерту.

Оқыту нәтижесі

  • Перпендикуляр түзулерді ажырата алады.
  • Перпендикулярдың белгіленуін біледі.
  • Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табуды меңгереді.

Сабақ барысы

1) Ой қозғау: сөзжұмбақ

Карточкалар

Оқушылар тақтадағы сөзжұмбақты шешіп, жасырынған сөзді табады және оның мағынасын ашады.

2) Топқа бөлу: бұрыш түрлері

Оқушылар таңдаған бұрыш атауларына қарай топтарға бөлінеді: тік, сүйір, доғал, жазыңқы.

3) Жаңа тақырып: электронды оқулықпен жұмыс

Электронды оқулық

Электронды оқулық арқылы тақырып тыңдалып, соған сәйкес тапсырмалар орындалады.

І топ

Перпендикуляр түзулер.

ІІ топ

Түзуден тыс нүкте арқылы перпендикуляр түсіру.

ІІІ топ

Берілген нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.

IV топ

Бағалау критерийлерін дайындау.

Топтар тапсырмаларды орындап, өзара талдайды, диалогқа түседі, сыни тұрғыдан ойлайды. Бір-бірінің пікірін тыңдап, түсіндіреді және қорғайды. Нәтижесінде жадысы дамып, сөздік қоры молаяды, сөйлеу мәдениеті қалыптасады және АКТ құралдарын қолдану дағдысы артады.

Топтық таныстырылымдар қорғалғаннан кейін IV топ бағалауды жүргізеді.

4) Сергіту сәті: «Би терапиясы»

2 минут

Оқушылар тренингті орындап, сергиді. Көңіл күйі көтеріліп, жұмысқа белсенділігі артады.

5) Бекіту: «Ту кімдікі?» әдісі

Оқулық

Оқулықтан тапсырмалар орындалады: №1083, №1084, №1085, №1086.

Берілген есептер топпен кезек-кезек шешіледі: оқушылар шешу жолын түсіндіреді, бір-біріне көмектеседі. Тапсырма барысында жанашырлық пен патриоттық сезімдері оянып, ойлау қабілеті мен шапшаңдығы дамиды.

Жауап беруге және талпынысқа қолдау көрсету үшін «Үш шапалақ» әдісі қолданылады.

6) Кері байланыс: «Білім ағашы»

Түсті жапырақтар · стикерлер

Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан не үйренгенін, көңіл күйін және сұрақтарын жазады. Содан кейін ағаш суретіне орналастырып, өз уәжін білдіреді.

7) Бағалау: «Бағалаушы фигуралар»

Есептерді жылдам әрі қатесіз шығарған оқушыларға бағалау фигуралары таратылады: жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш.

Фигуралар арқылы оқушылар бір-бірін және топ жұмысын бағалап, жетістіктері мен кемшіліктерін атап өтеді, түзету жолдарын ұсынады.

Қосымша тапсырма

§6.2, №1087, №1089.