Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар

Сабақ тақырыбы

Компьютерлік графиканың түрлері

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстырып, графиканың түрлері туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Өзгенің еңбегін бағалауға, топтық және жұптық жұмысқа тәрбиелеу.
  • АКТ құралдарын пайдалану барысында сыныпта ұқыпты әрі жауапты әрекет етуге дағдыландыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Негізгі дағдылар

  • Компьютерлік графиканың түрлерін ажырата білу.
  • Графикалық файлдардың кеңейтілімдерін атай білу.

Талдау және түсіндіру

  • Фракталдық, растрлық және векторлық графиканың базалық элементтерін сипаттау.
  • Әр түрдің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, түсіндіру.